ДИКТОР: Ұлт руханиятының темірқазығына айналған тұлға Олжас Сүлейменов биыл мерейлі 90 жасқа толды. Осы тарихи белеске орай қоғам қайраткері әрі меценат Ерұлан Қанапиянов шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан мазмұнды кездесу ұйымдастырды.

РКС: Белгілі композитор, меценат, публицист әрі қоғам қайраткері Ерұлан Қанапиянов ұлттық мәдениет пен руханияттың дамуына сүбелі үлес қосқан азамат. Ол классикалық музыкадан бастап джаз, рок-опера жанрларына дейін 70-тен астам музыкалық шығарма жазып, өнер кеңістігінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған тұлға. Бүгінгі шығармашылық басқосуда Ерұлан Қанапиянов зиялы қауым өкілдеріне Олжас Сүлейменовтің соңғы жылдары жарық көрген кітаптарын сондай-ақ мерейтой иесінің 90 жылдығына орай арнайы жазылған «Өз жерінің елшісі» атты жаңа кітапты таныстырды.

СНХ: ЕРҰЛАН ҚАНАПИЯНОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:/ Олжастың шығармашылық және ғылыми мұрасы әлемдік маңызға ие әрі адамзат өркениетінің баға жетпес қазынасы. Бүгінде оның әдеби және философиялық еңбектерін, дүниетанымын, ғылыми жаңалықтарын, соның ішінде өзі негізін қалаған түркославистика теориясын мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында кеңінен оқытатын уақыт әлдеқашан жетті. Ұлы жерлесіміздің мол мұрасы негізінде «Олжастану» атты жан-жақты әрі толыққанды ғылыми және оқу пәнін қалыптастыру қажет. Қазір ЮНЕСКО-ның Халықаралық орталығы білім беру ұйымдарына арналған «Олжастануға кіріспе» атты оқу құралын әзірлеу үстінде. Маған осы кітапқа алғысөз жазу міндетінің жүктеліп өзіме үлкен жауапкершілік алып отырмын.

РКС: Жиынға Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері де қатысты. Әрқайсысы қазақ әдебиетінің дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгерлер. Шара барысында Ерұлан Қанапьянов Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Әлияш Ахетова мен Рена Жұманованы Еуразия мәдениет қорының «Мәдениет қайраткері» құрметті атағымен және төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар Олжас Сүлейменовтың кітабын тарту етті.

ИНТЕРШУМ: 

СНХ: РЕНА ЖҰМАНОВА, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бүгінгі іс-шара аясында Ерулан Қанапиянов жетекшілік ететін Еуразия мәдениет қорының жоғары марапатына ие болдым. Қатты толқып тұрмын. Бұл марапатты өзім үшін үлкен мәртебе деп қабылдаймын. Білім беру саласында еңбек етіп келе жатқаныма 30 жыл болды. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесімін. Өлең жазамын, сондай-ақ ұзақ жыл әдебиет арқылы мәдениетаралық байланыстарды нығайту ісімен айналысып келемін. Еңбегімнің елеусіз қалмай, осындай жоғары бағаланғанына шынайы ризамын. Маған көрсетілген құрмет үшін Қоғамдық қорға шексіз алғысымды білдіремін.

РКС: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына орай елімізде бұған дейін де түрлі форумдар мен мәдени-әдеби іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі кітап таныстырылымы да Қазақстанның әр өңірінде өткізілді. Мұндай тағылымды басқосулар ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттап, оның шығармашылығына деген қызығушылықты арттыра түсті.

 СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ