ДИКТОР: Еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын жаңғыртылып жатыр. Оның басым бөлігі Ақмола облысына тиесілі. Өңірде 16 вокзал күрделі жөндеуден өткізілуде. Күні кеше соның үшеуі – Шортанды, Ақкөл және Макинск вокзалдары салтанатты түрде қолданысқа берілді. Ашылу рәсіміне тілшіміз Евгений Варанкин қатысып қайтты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шортанды кентіндегі теміржол вокзалы алғаш рет осыдан жарты ғасырға жуық бұрын пайдалануға берілген. Биыл мұнда ауқымды жаңғырту жүргізіліп, ғимараттың сыртқы келбеті толық жаңартылды. Перрон абаттандырылып, ішкі бөлмелер заман талабына сай қайта жабдықталды. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтар мен балаларын ерткен жолаушылар үшін арнайы жайлы бөлмелер қарастырылған.
СНХ: ЕСІМХАН БАЛТАБАЙ, ШОРТАНДЫ КЕНТІ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАСТЫҒЫ: Бұл вокзалда біраз жұмыстар жүргізілді. Сырттағы пероннан бастап, әсем ғимарат, сыртқы қаспет ауыстыруы жұмыстарын жүргізілуі болды. Одан қалды бірнеше комната қазіргі заманауи үлгіжегі, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлме бар. Ана мен балаға арналған арнайы бөлме. Оның бәрі қазіргі үлгідегі бүкіл жабдықтармен жабдықталған.
РКС: Жаңғырту нәтижесінде вокзалдың аумағы кеңейіп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды. Нысан арқылы халықаралық және республикалық бағыттағы пойыздар қатынайды. Жаңғырту жұмысына 500 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды.
СНХ: НАҒЫЗХАН ТҰРСЫНБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК АҚМОЛА МАГИСТРАЛЬДЫҚ ЖЕЛІ БӨЛІМШЕСІ ВОКЗАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Шортанды станция арқылы тәулігіне орта есеппен 70 жолаушыға қызмет көрсетіледі. Мұнда 12 жұп жолаушылар пойызы, оның ішінде халықаралық және республика бағытында пойыздар қатынайды. Вокзал 1980 жылы пайдалануға берілген. Жүргізілген жаңғырту нәтижесінде ғимараттың көлемі 20 шаршы метрге ұлғайтылды.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Өңірде 16 теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның үшеуі бүгін салтанатты түрде ашылды. Оның біреуі күніне 170 жолаушы тасымалдайтын Ақкөл қаласының вокзалы.
РКС: Ақкөл қаласындағы теміржол вокзалы 1968 жылы пайдалануға берілген. Ғимаратты жаңғырту жобасы былтыр басталып, оған 954 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Нысанды қайтадан салу барысында сыртқы қасбеті мен ішкі бөлмелері толық жаңартылды.
СНХ: АРМАН НҰРМҰҚАНОВ, «INTEGRA CONSTRUCTION» СЕРІКТЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жаңғырту кезінде вокзалдың тарихи келбетін сақтауға басымдық бердік. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бөлме, жеке санитарлық торап және балаларымен келген жолаушыларға арналған арнайы бөлме жасақталды. Бұрын мұндай жағдай қарастырылмаған еді.
РКС: Мердігердің айтуынша, құрылыс барысында нысанның сәулеттік ерекшелігі сақталған. Сонымен бірге жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жаңа инфрақұрылым енгізілген.
РКС: Өңірде теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасып жатыр. Жауапты мамандардың айтуынша, шілде айында өңірдегі тағы бірнеше вокзалды ашу жоспарланған. Жоба бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.
СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес Ақмола облысында жаңғыртылған теміржол вокзалдарын кезең-кезеңімен пайдалануға беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шілде айында тағы жеті вокзалды ашу жоспарланған. Ал тамызда қалған нысандар пайдалануға беріледі. Көкшетау қаласының вокзалын қазан айында ашуды жоспарлап отырмыз. Жалпы барлық жұмыс «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен және Көлік министрлігімен бекітілген бірлескен кестеге сәйкес жүргізілуде. Жобалардың орындалуы тұрақты бақылауда және барлық жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталады деп жоспарланып отыр.
СНХ: СЕРІК РЫСМҰҚАНОВ, ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Осындай вокзалға жеткені де бар, жетпегені де бар. Шың жүректен рахмет. Біріншіден строительдерге, теміржол басшыларына. Удобство істеп жатыр. Бұл жаңа вокзал, жаңа удобство, пенсионерлерге районға, қалаға жетуге қандай рахат. Көп жылдай күткен осындай вокзалға қуаныштымыз. Игілігімізге болсын. Келешекте теміржол өсе берсін.
РКС: Жалпы өңірдегі барлық жаңғырту жұмысы биыл аяқталады деп жоспарланған. Мамандардың айтуынша, жаңартылған вокзалдар жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, теміржол инфрақұрылымының қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ