ДИКТОР: Кіл мықтыдан кім мықты. Көкшетауда қазақ күресінен «Ақмола барысы» облыстық турнирінің іріктеу кезеңі өтті. Қаланың жаңа жағалауында ұйымдастырылған дүбірлі додаға өңірдің ең үздік түйе палуандары жиналды. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Биылғы іріктеу кезеңіне өңіріміздің түкпір-түкірінен келген 24 балуан қатысып жатыр. Олар 90 келіден жоғары салмақта белдесіп, «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алу үшін боз кілемде барын салып жатыр.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАРАТ ҚОЙШИН, ҰЛТТЫҚ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТІ: Шеберлігіне қарасақ, 24-тің ішінде 7 спорт шебері бар. Біреуі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, біреуі еңбек сіңірген спорт шебері. Қалғандары түгел спорт шеберлікке үміткер. Жақсы өтіп жатыр. Бірақ болашақта көбірек болу керек. Неғұрлым көп ауыр балалар болса, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік дейді ғой. Бұқаралық көп болу керек. Сол кезде мықты мықтылары шығады.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Ұлттық спортты тамашалауға келген жұртшылықтың да қарасы қалың. Олар әр балуанға қолдау көрсетіп, әсерлі әдістерді ерекше қошеметпен қарсы алып отыр.
СНХ: ҚАЙРАТ АХМЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жарыс жақсы, жастардың дайындығы өте жақсы. Биыл қарап отырмын. Тактика жағынан, техника жағынан, функционалка бәрі жақсы.
СНХ: ҚАЙЫРЛЫ СЕРІКБАЙ, ЖАНКҮЙЕР: Мен өзім Бурабай ауданы Абылай хан деген ауылдан келдім жанкүйер болуға. Өзім де кезінде күреспен айналысқанмын. Ұлттық спорттың маңыздылығы өте керек қой, ол біздің ұлттық құндылығымыз, елдің мәдениеті. Дамыту керек. Өте жақсы жұмыстар атқарылып жатыр ғой мемлекет жағынан.
РКС: Ұлттық спортты ұлықтаған дүбірлі дода тағы бір мәрте қазақ күресіне деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев еліміздің спорттық мұрасын сақтауға және ілгерілетуге көмектесетін жарыстың маңызын атап, жеңімпаздарды марапаттады. Турнир қорытындысы бойынша үшінші орын көкшетаулық Рустам Зынданұлына бұйырды. Күміс жүлдені Сандықтау ауданының палуаны Жанболат Дартаев иеленсе, бас жүлдені жеңіп алып, «Ақмола барысы» атағына Целиноград ауданының өкілі Дастан Баухан лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ДАСТАН БАУХАН, «АҚМОЛА БАРЫСЫ» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ (ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ): Палуандар тыңғылықты дайындалып келген. Әр ауданның спортшылары мықты. «Ақмола барысы» өте жоғары деңгейде болды. Аллаға шүкір, чемпион болдым. Енді келесі «Қазақстан барысына» чемпион болуға, жеңімпаз болуға - мақсатым сол алдағы.
СНХ: ЖАНБОЛАТ ДАРТАЕВ, КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР (САНДЫҚТАУ АУДАНЫ): Биылғы «Ақмола барысы» мықты деңгейде өтті. Қарсыластарым да бәрі мықты. Дайындалып келеген. Осыдан 2 жыл бұрын чемпион болғанмын. Сол, қайтадан биыл 2-ші орын алып отырмын. Енді «Қазақстан барасында» көреміз бағымызды сынап. Ұлттық спорт қазір жақсы деңгейде дамыпе жатыр.
РКС: Осылайша, «Ақмола барысында» үздік шыққан екі палуан енді өңір намысын «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде қорғайды. Олар еліміздің ең үздік түйе палуандарымен белдесіп, бас жүлде үшін бақ сынамақ.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ