ДИКТОР: Бірінші шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясы елдің көптеген саласында даму мен жаңғыруға серпін берді. Сарапшылардың пікірінше, бұл Ата Заң мемлекет мақсаттарына сай келетін нақты заң жобалары мен құжаттарды әзірлеу және қабылдауға негіз болады. Мамандар логистикалық әлеуеттің кеңеюінен және экологиялық сананың одан әрі дамуынан үмітті.

РКС: Логистика – экономиканың қан айналым жүйесі. Осыған сәйкес, Мемлекет басшысы көлік және логистика саласын Қазақстанның дамуының негізгі басымдығы ретінде бірнеше рет атап өтті. Жаңа ірі көлік бағыттары мен терминалдарын жаңғыртуға және салуға айтарлықтай көңіл бөлініп жатыр. Сала мамандары бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтуде.

СНХ: СӘУЛЕ ӨЗБЕРГЕНОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ КАФЕДРАСЫНЫҢ СЕНЬОР-ЛЕКТОРЫ: Қазақстан халықаралық көлік дәліздерінің, атап айтқанда, Қытай мен Еуропаны байланыстыратын Транскаспий дәлізінің қиылысында ерекше орын алады. Президент соңғы бес жылда автомобиль транзиттік жүк тасымалының көлемі 6 миллион тоннаға дейін өскенін айтты. Мемлекет басшысы атап өткен тағы бір маңызды мәселе - ұлттық жүк әуе компаниясын құру, бұл өте маңызды, себебі ол біздің көлік инфрақұрылымындағы айтарлықтай олқылықты толтырады. Жолдарды жөндеу және жаңа теміржолдарды салу мемлекеттің маңызды іргетасын құрайды және бұл шынымен де өте маңызды.

РКС: Жеткізу мен тасымалдау әдістерін жетілдірумен қатар, Ата заң ел ресурстарын тарату мен қорғау мәселелерін де қамтиды. Өйткені оларды өндіру экономиканың ажырамас бөлігі, сонымен қатар табиғи байлықтарды тиімді тарату мен қорғау да аса маңызды роль атқарады.

СНХ: РУСЛАН ТӨЛЕГЕНОВ, ЕСІЛ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫ АЙМАҚТЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Конституциялық реформа қоршаған ортаны қорғау шаралары аясында су айдындарын қорғау мәселесін қамтиды. Бұл негізгі және салалық заңнаманы одан әрі дамыту үшін құқықтық негіз қалайды. Су ресурстарын қорғау және реттеу – жаңа Конституцияда қарастырылған негізгі бағыттардың бірі. Бұл – біздің инспекция жұмысының басты басымдығы. Мұның бәрі халық пен мемлекеттің игілігін көздейді.

   

РКС: Жаңа Конституция елдің негізгі салаларының берік негізі және дамуының кепілі ретінде қызмет етуге арналған. Онда қазіргі қоғамның қажеттіліктерін көрсететін, Қазақстанды болашаққа жетелейтін стратегиялық бағыттар қамтылған.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, НАИР ЗАХОВАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.