ДИКТОР: Өңір басшысы Марат Ахметжанов шаһардағы бірқатар өндіріс және қосымша білім беру нысанын аралады. «Блэк» серіктестігінің өндірістік цехтарымен танысып, еңбек ұжымымен кездесті. Сондай-ақ, салынып жатқан мың шаршы метрден асатын білім ошағының құрылысымен танысты.
РКС: «Блэк» серіктестігі ұлттық нақыштағы ағаштан жасалған ыдыс-аяқ, жиһаз және интерьер бұйымдарын шығарады. Мұнда жыл сайын 70 мыңға дейін өнім өндіріледі. Кездесу барысында еңбек адамдарының өңір дамуына қосып отырған үлесі мен заңның үстемдігі қағидаттары талқыланды.
СНХ: РОМАН НИКИТЕНКО, «БЛЭК» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: «Блэк» компаниясының негізі 1989 жылы қаланды. Биыл компаниямызға 37 жыл. 1995 жылдан бастап ағаштан жасалған жиһаз өндірумен айналыса бастадық. Ол кезде астау жасалмайтын, оның орнына ою-өрнекпен әсемделген, қымбат ағаш жиһаздар өндірілетін. 2000 жылдарға қарай «Блэк» компаниясы нарықтағы сұранысқа сай өз бағытын өзгертті. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық бұйымдарға деген қызығушылық артып, сұраныс көбейді. Осыған байланысты біз алдымен астау, кейін кесе, ас үй құралдары және басқа да ұлттық бұйымдарды шығара бастадық. Бүгінде «Блэк» компаниясы өз қызметін толықтай ұлттық бұйымдарды өндіруге арнап келеді.
РКС: Аймақ басшысы кәсіпорынның ұлттық қолөнерді жаңғыртуға, жергілікті өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға қосып отырған үлесін жоғары бағалап, атқарушы директорын Алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, мұндай өндіріс орындары өңір экономикасының дамуына серпін беретінін атап өтті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Сондай-ақ Марат Ахметжанов «Balakai» шығармашылық студиясының жұмысымен танысты. Қазір мұнда 400-ден астам бала тіл үйрену, домбыра, би, кескіндеме, вокал және робототехника секілді тоғыз бағыт бойынша білім алып жүр.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Болашақта бұл білім мен дағдылар өздеріңіздің жан-жақты дамуларыңызға үлкен пайдасын тигізеді. Себебі сапалы білім мен жақсы тәрбиеден бөлек, қосымша дағдыларды меңгерген адам әрқашан сұранысқа ие болады. Ол жан-жақты тұлға ретінде кез келген ортада өз орнын таба алады.
РКС: Аймақ басшысы өндіріс орындарын қолдау мен сапалы білім беру инфрақұрылымын дамыту өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағытының бірі екенін атап өтті.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ