ДИКТОР: Қауіптің кішісі болмайды. Бұралқы иттің бәрі бірдей адамға шаппаса да олардың топтасып көше кезіп жүруі жұртшылықтың үрейін қашырады. Қаңғыбас үй жануарларына қатысты дау-дамай мен тұрғындардың шағымы көбейген шақта «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Нақтырақ айтсақ эвтаназия әдісін қолдану. Тілшіміз Сәния Есімсейітова баяндайды.

STAND-UP: СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ТІЛШІ: Біз қазір Тәшенов пен Әбілқасымов көшелерінің қиылысында тұрмыз. Тұрғындардың айтуынша, бұл маңда күн сайын 13 шақты қаңғыбас ит жүреді. Олардың бұл жерден кетпеуінің себебі, оларға бұл жерде тамақ беретін адам бар екен. Жануарға жанашыр болған дұрыс. Бірақ сол жанашырлықтың салдарын осы маңның тұрғындары тартып отырмыз дейді. Баласын мектепке жалғыз жіберуге қорқатын ата-ана да, кешке серуендеуге шығудан сескенетін қария да көп. Себебі иттердің адамға қай уақытта шабатынын ешкім алдын ала болжай алмайды. Тұрғындар бұл мәселені талай рет көтергенімен, әзірге өзгерген ештеңе жоқ. 

СНХ: БАҚЫТ МӘДИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Міне екі жылдан бері мұнда көп иттер жүреді. Кім асырайды білмеймін. Қорқамыз. Кеш жақын балаларды шығаруға да қорқамыз, балалардың жанында бірге жүреміз. Иттер деген қаптап жүреді,бірінің артынан бірі. Күшіктерін қызғанып адамға жүгіреді. Бір жыл бұрын мені аяғымнан қапты. Міне орны бар. Сол күшігін қызғанып, магазинге өтіп бара жатқанмын. Заң қолданып, көздерін жою керек. Міне жүр, адамнан қорықпайды.

РКС: Жыл басынан бері облыс аумағында 3296 қаңғыбас ит ауланса, оның 1282-сіне эвтаназия қолданылды. Бұл адамға немесе малға шауып, агрессия көрсеткендер. Ал қалғандары заң талаптарына сәйкес уақытша оқшауланып, тиісті рәсімдерден өткізіледі.

СНХ: ӘСКЕР ҚАЙЫРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Қазір Көкшетау қаласында «Шанс на спасение» өнім беруші болып конкурсты жеңіп алған. 500 ит сонда тұр. Олар заявлениелермен, eOtinish, акиматтың, полициялардың, өтініш берген кісілердің сұрауымен шығып иттерді аулап жатыр. Жұмыс жүріп жатыр. Биыл заң өзгергеннен кейін ендігі жылы қаржы бөлініп, приют салынады. 2029-2030 жылға дейін приюттер салынады. Иттердің саны азаюы приюттерде иттерді ұстауына байланысты. 


РКС: Қаңтардың 18-нен бастап қаңғыбас иттерді аулау және олардың санын реттеу жұмыстары жаңа заң аясында аудан-қалалардың құзырына берілді. Осыған сәйкес өңірлерде конкурс жарияланып, бүгінде бұл жұмысты 9 ұйым атқаруда. Бұған дейін қолданыста болған заңнама қаңғыбас иттерді жансыздандыруға мүмкіндік бермейтін. Ал биыл заң өзгереді. Енді адамға немесе малға шапқан жағдай туралы тұрғындардан ресми шағым түсіп, оқиға фактісі расталса, агрессивті иттерді эвтаназиялау туралы шешім қабылданады. 


СНХ: ӘСКЕР ҚАЙЫРЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 19 мамыр күні 292 –ші приказбен, жануарларға жауапкершілікпен қарау заңы ауысты. 20-шы шілдеде күшіне енеді. Егер иесі болмаса, агрессия жасап шапса адамға, укус болса, сондай фйактілер келтірілсе 7 күннен кейін иттер ұйықтатылады. Эвтаназия әдісі қолданылады. Ең бірінші мәселе халық өздері үйлерінің қасында, дачада, жеке меншік үйде, иттерді ұстап, өсіреді. Соларды қараусыз қалдырса биыл тамыз айынан бастап оларға айыппұл салынады. 5 мрп-дан 20- мрп-ға дейін. Бір рет шабуылдаса предупреждение, екінші рет қайталанса ит иесіне айыппұл салынады. Бұл заң жүзінде енеді.

РКС: Ауланған иесіз иттер арнайы орындарда 7 күнге дейін ұсталады. Осы уақыт ішінде асырап алуға ниетті азаматтар оны ветеринариялық тексеруден өткізіп, вакцина салдырып, чип орнатқаннан кейін өз қамқорлығына ала алады. Қаңғыбас иттер мәселесін оларды аулау немесе эвтаназия әдісі арқылы шешу жеткіліксіз. Оның түпкі шешімі - әрбір үй жануары иесінің жауапкершілігі мен заң талаптарын бұлжытпай орындауында.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ