ДИКТОР: Егіндікөл ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының екінші маусымы басталды. Жазғы демалысты игі іспен ұштастырған жастар туған өлкені көркейтуге белсене кірісті. 

РКС: Биыл олар 50-ден астам шырша көшетін отырғызып, гүлзарларды күтіп-баптап, қоғамдық орындар мен көшелерді қоқыстан тазартып жүр. Мұның барлығы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылуда. 

СНХ: ДИАНА ХАСИЕВА, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ САРБАЗЫ: «Жасыл ел» - мен үшін туған жерімнің гүлденуіне өз қолтаңбамды қалдыруға берілген мүмкіндік. Осында жүріп жаңа достар тауып, мол тәжірибе жинап жатырмын. Әрбір отырғызған ағаш пен атқарылған ісіміз ертеңгі әсем ауылдың келбетіне айналатынына сенемін.

РКС: «Жасыл ел» жобасы елімізде 20 жылдан астам жүзеге асырылып келеді. Осы аралықта мыңдаған жас алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтап, туған өлкенің дамуына үлес қосты. Биыл бағдарлама аясында ел бойынша 5 мыңнан астам мектеп оқушысы мен студентті маусымдық жұмыспен қамту жоспарланған. Еңбек маусымы мамыр айынан тамыз айына дейін жалғасады.

СНХ: ЕГІНБАЙ АСАЙ, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Осы жылы да бізде «Жасыл елдің» балалары бізде жұмыс атқарып жатыр. Біз тек тал отырғызып, көше жинаумен айналыспаймыз, біз жалғызбасты ата әжелерімізге көмектесеміз, көпбалалы аналарымызға көмектесеміз, жастарымызды шақырамыз бірлікке бірлік болса. Жастарымызды бірлікке шақырамыз Таза Қазақстан акциясына. Өз ауданымызды, қаламызды таза ұстауға шақырамыз. Біздің күшіміз бірлікте.

РКС: Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар жастарды еңбекке баулып, олардың бойында азаматтық жауапкершілік қалыптастыратын маңызды жоба екенін айтады. Жасақ мүшелері алдағы уақытта да көгалдандыру жұмыстарын жалғастырып, «Таза Қазақстан» акциясына тұрғындарды кеңінен тартуды жоспарлап отыр. 

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ