ДИКТОР: Кешегі сал-серілердің ізі сайрап жатқан Көкше жерінде Домбыра күніне орайластырылған игі шаралар ерекше ілтипатпен аталып өтуде. Қасиетті қара домбыраның қыр-сыры кеңінен насихатталып, өңірде бірқатар танымдық әрі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Ұлттық өнердің темірқазығына айналған киелі аспаптың қадір-қасиетін ұлықтауға бағытталған бұл бастамаларда қолөнер шеберлерінің еңбегі ерекше бағалануда. Сол игі шараның бірі «Домбыра – дәстүр мен өнердің алтын діңгегі» атты шығармашылық кездесу.
РКС: «Домбыра–дәстүр мен өнердің алтын діңгегі» атты тағылымы терең шығармашылық кездесуде қаланың қақ ортасынан орын алған «Домбыра» монументінің авторы Манарбек Бұрмағанов пен қасиетті қара домбыраны 40 жылдан бері ермек еткен Самат Қадыралин, қазақ қолөнерінде өзіндік ерекше қолтаңбасы бар Алмасбек Бекзан сынды өңірдің танымал шеберлері Әскери-техникалық мектептің сарбаздарымен жүздесті. Әр шебер өзіндік өнер жолындағы терең танымдық ақпаратпен бөлісті.
СНХ: МАНАРБЕК БҰРМАҒАНОВ, ҚАЗАҚСТАН СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: 2019 жылы Көкшетаудың 195 жылдығына арнап қойылған ескерткіш. Домбыраның ішінде жас степной жігіт отыр. өзіміздің көп батырларымыздың бірі қолына домбыра алып тартып отыр.үстінгі жақта көк туымыздағыдай қыран бүркіт қанатын жайып ұшып барады. Біраз эскиздар жасалған болатын. Шауып бара жатқан аттар, биші қыздар, соның ішінде домбыраның эскизі де жасалған. Сол домбыраның эскизі таңдалып, Көкшетаудың орталығына орнатылғанына мен қуаныштымын.
РКС: Қазақтың ұлттық аспабы, кең даланың үнін қос ішекке түйген қасиетті домбыраның қыр-сырын танып, ата жолын жалғастырған Самат Қадыралин бүгінде 2 мыңнан астам домбыраны жасап шыққан елге танымал хас шебердің бірі. Оның айтуынша ұлттық дәстүр мен құндылықты насихаттау оның ісіндегі ең басты мақсат. Қазақтың кең даласының үні мен рухын қос ішегіне сыйдырған қасиетті домбыраның қыр-сырына терең бойлап, ата дәстүрді жалғастырған Самат Қадыралин бүгінде ұлттық қолөнердің биік деңгейін танытып жүрген елге танымал хас шебер. Ол осы уақытқа дейін 2 мыңнан астам домбыра жасап, ұлттық тәрбиеге адал еңбегін сіңіріп келеді. Шебердің айтуынша, оның өмірлік мұраты ұлттық дәстүр мен құндылықты дәріптеп, домбыра өнерін кейінгі ұрпаққа аманат ету.
СНХ: САМАТ ҚАДЫРАЛИН, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Домбыра деген киелі әрі қасиетті дүние. Қазақтың қара домбырасын жасағаныма 40 жылдан астам уақыт өтті. Жасап жатырмыз, тырмысып жатырмыз. Түрлі-түрлі жетістіктер бар. Қолға алған өнерді жастарға үйретіп жатырмыз. Екі немерем бар соларға үйретіп жатырмын. Келетін жас жігіттер бар.
РКС:Шебердің қолынан шыққан домбыраларды көрген жас сарбаздар ерекше әсерге бөленіп, ұлттық өнердің құдіретіне тағы бір мәрте тәнті болды. Әскери-техникалық мектеп қабырғасында білімін шыңдап жүрген сарбаздардың қатарында өнерімен қазақ халқын сусындатып жүрген танымал әншінің баласы да бар. Жастайынан домбыраның үнімен өскен бала, қолына домбыра алып тыңдарманға күй тарту етті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ҚАМБАР САМАТҰЛЫ, ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ САРБАЗЫ: Астанадан келдім. Ақтаудың тумасымын. Домбыраны қайдан үйрендіңіз десе? Анам әнші Тамара Асар, анамнан үйрендім. Сондықтан ұят болады деймін. Аспапта ойнау керек. Қазақтың аспабы домбырада.
РКС: Ұлттық өнер мен әскери тәртіп ұштасқан тағылымды кездесу осылайша әсерлі сәттерге толы болды. Қасиетті домбыраның қоңыр үні жас сарбаздардың жүрегіне жетіп, олардың бойында өнерге деген құрмет пен отансүйгіштік рухты одан әрі күшейте түсті. Осындай игі шаралар ұлттық құндылықты ұлықтап қана қоймай, жас ұрпақтың бойына рухани тәрбие беріп, ата-баба мұрасын ардақтауға жетелей бермек.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ