ДИКТОР: Отан-отбасынан басталады. Жаңа күшіне енген Ата заңда отбасы институтын нығайтуға арналған заңнамалық өзгерістердің ішінде бұрыннан бері заңда бар, бірақ ерекше назарды қажет ететін заңдардың бірін айта кеткен жөн. Атап айтқанда, кәмелеттік жасқа толған балалардың еңбекке жарамсыз болып қалған ата-анасына қамқорлық көрсету міндеті заң жүзінде бекітілген. Бұл тек құқықтық норма ғана емес, ұрпақ пен ата-ана арасындағы рухани байланысты күшейтетін, адамгершілік пен жауапкершілікке негізделген маңызды қағида.
РКС: Елде 2025–2026 жылдар аралығында шамамен 350-ден астам әлеуметтік мекеме тіркелген. Соның ішінде 200-ге жуығы қарттар мен әлеуметтік күтімді қажет ететін азаматтарға арналған мекемелер. Бұл көрсеткіш қоғам үшін ойланарлық жағдай. Кәмелеттік жасқа толған азаматтардың еңбекке жарамсыз болып қалған ата-анасына қамқорлық көрсетуі заң жүзінде міндеттелді. Сонымен қатар, белгілі себептермен қараусыз қалған ата-аналарға қатысты алимент төлеу міндеттемесі де қарастырылып, олардың әлеуметтік қорғалуына құқықтық негіз күшейтілді.
СНХ:САМАЛ ҚОСТАНОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: Бұл заң өте дұрыс деп ойлаймын. Себебі, бала өз ата-анасына қарау керек. Себебі, ата-ана баласын өсіреді, бағады, оқытады, орнықтырады, осы өмірге дайындайды, енді күші кеткен кезде өз ата-анаңды қалайша қарттар үйіне тапсырып, қараусыз қалдырады. Өзіміз ата-енемізбен тұрамыз. Бұл заң өскелең ұрпаққа тәрбиелік мағынасы бар маңызды заң деп ойлаймын. Және әрбір қазақ баласы осы заңды қарастырып, оқып, өзіне бір ой түйіп, ата-анасына жақсы қараса деп ойлаймын.
РКС: Бала ата-анасына қалай жауапты болса, ата-ананың да бала алдындағы жауапкершілігі күшейтілді. Конституцияның 27-бабында бұл құндылықтар ерекше қорғалып, мемлекеттің айрықша қамқорлығына алынған.
СНХ: НҰРСӘУЛЕ МҰРАТҚЫЗЫ, №4 ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Неке және отбасы күрделі реформаға ұшырай отырып, қайтадан жаңартылды деп айтсам болады. Себебі, осыған дейінгі 27-ші бапта «Неке және отбасы», «Бала және әке-ана» мемлекеттің қорғауында деп қысқа қайырылған болатын. Ал, қазір Неке ер мен әйелдің ортасындағы бірлескен заңды түрлдегі одақ» деп атап көрсетілге. Сонымен қатар, 2-ші тармағында баланың тәрбиесіне ата-ана тікелей, етене жауапты және тәрбиелеуге міндетті деп шегендеп көрсетілген.
РКС:Ұрпақ пен ата-ана арасындағы сыйластықты нығайтып қана қоймай, әр азаматтың отбасына, қоғамға деген перзенттік парызын айқындайды. Мұндай құқықтық және рухани қағидалар ел ішіндегі береке-бірлікті арттырып, отбасы институтының болашағын бекемдей түседі. Отан отбасынан басталады.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ