ДИКТОР: Жаңа Ата заң азаматтарға тең құқықтар, әлеуметтік қорғалу, жеке бастың қадір-қасиетін құрметтеу және әділетті қоғамда өмір сүру үшін берік заңнамалық негіз бен жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Ол еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және құқықтық үстемдікті қамтамасыз етуге бағытталған.
РКС: Жаңа Конституция - еліміздің құқықтық және қоғамдық дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды құжат. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және әр адамның мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, жаңа өзгерістер ұлттық құндылықтарды сақтауға, жастардың болашағына және қоғамның заманауи талаптарына сай дамуына негіз болады.
СНХ: ҚҰРАЛАЙ ЫДЫРЫСОВА, МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: Ескі Конституция мен жаңа Конституцияның айырмашылығы бар. Бұл деген адамдардың құқығы. Бұл деген барлық рухани, ұлттық құндылықтарға мән береді. Жастардың болашағы, балаларымызға, немерелерімізге арналған конституция деп есептеймін. Бір күнде бәрі бола қалмайды әрине. Ең маңыздысы цифрлық бастама. Әр адамның құқығы қорғалады. Ол заңды түрде бақыланады.
РКС: Ата заңдағы өзгерістер әлеуметтік қолдауды күшейтуге және отбасы құндылықтарын нығайтуға да бағытталған. Балалардың болашағы, олардың сапалы білім алып, қауіпсіз әрі қолайлы ортада өсуі қоғам үшін маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағыттағы өзгерістерді көпбалалы аналар да ерекше атап өтуде.
СНХ: АНАРГҮЛ МҰХАМЕДРАХИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Қоғамымызда көптеген өзгерістер болып жатыр. Ата заңымыздың басты ерекшеліктерінің бірі қоғамда қандай да бір өзгеріс орын алса, әрбір азамат, әрбір көпбалалы ана, әрбір ер азамат өз бастамасын білдіре алады. Бүгінде еліміздің көптеген жетістіктері бар. Ата заңға енгізілген жаңа өзгерістерді тиімді пайдаланып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосайық. Мен өзім көпбалалы анамын. Еліміздің болашағына, балаларымыздың келешегіне бейжай қарай алмаймын. Сондықтан еліміздің одан әрі жақсаруына белсенді атсалысуға шақырамын.
РКС: Аталған өзгерістер еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл тұрғыда жоғары білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелердің ролі артып, олардың ел дамуына қосар үлесі күшейе түседі. Ақмолалықтар Жаңа Конституцияның халық талқысына ұсынылуын азаматтардың мемлекет басқару ісіне белсенді араласуына мүмкіндік беретін маңызды бастама деп санайды. Бұл ең алдымен білім, ғылым және инновацияға негізделген жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы тарихи қадам екені сөзсіз.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ