ДИКТОР: 2027 жылдың соңына дейін еліміздің барлық шалғай ауылы сапалы интернетке қосылады. Бұл жұмыстар «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Аталған жобаның игілігін алғашқы болып көріп отырған елді мекендердің бірі - Целиноград ауданына қарасты Раздольное ауылы. Мұнда талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, кең жолақты интернет қосылды. 

РКС:80-ге жуық түтіні бар ауылда 300-ден астам адам тұрады. Ал елді мекендегі жалғыз орта мектеп бұған дейін Starlink спутниктік интернетін пайдаланып келген. Енді ұлттық жоба аясында білім ордасы талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылды. 

СНХ: ЛАЙЛА АМАНТАЙ, РАЗДОЛЬНОЕ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Жаңа жүйе жақында ғана іске қосылды. Барлық мүмкіндіктер қосылғаннан кейін оқушылар мен педагогтер үшін цифрлық білім беру әлдеқайда тиімді болмақ деп сенеміз. 

РКС: АлStarlink пен талшықты-оптикалық байланыс желісінің айырмашылығы неде десек, Starlink жүйесінде байланыс спутник арқылы беріледі. Ал талшықты-оптикалық желіде деректер арнайы оптикалық кабель арқылы жеткізіледі. Яғни, интернеттің жылдамдығы жоғары әрі тұрақты болады. Демек, енді тұрғындар онлайн сервистерді кедергісіз пайдалана алады деп айтуға толық негіз бар. 

СНХ: АРМАН ҚАРСАҚБАЕВ, МЕРДІГЕР: Тартылған талшықты-оптикалық байланыс желісі мектептің барлық аумағын жоғары жылдамдықтағы тұрақты интернетпен қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде мұғалімдер мен оқушылар цифрлық білім беру ресурстарын еш кедергісіз пайдалана алады. Сондай-ақ мектептегі барлық желілік және цифрлық жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалды.

РКС:Бүгінде аймақта 500-ден астам мектеп бар. Барлығы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған. Оның ішінде 200-ден астам мектепте Starlink спутниктік интернеті орнатылған.Қазір аймақта талшықты-оптикалық байланыс желісі кезең-кезеңімен тартылуда. Жалпы жоба аясында 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторлары 258 ауылдық елді мекендісапалы интернетпен қамтамасыз етпек. Тағы 23 ауыл спутниктік технологиямен қамтылады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ