ДИКТОР: Жыл сайын Ақмола облысында 5 мыңға жуық сот сараптамасы жүргізіледі. Жергілікті мамандандырылған институт заманауи зертхана қондырғыларын пайдалану арқылы тергеушілер мен соттарға қылмыстарды жедел ашуға көмектеседі. Бүгінгі таңда сарапшылардың ең басты бағыты -¬ синтетикалық есірткі заттарын тасымалдаушылармен күрес. Мамандардың жұмысы жайлы тілшіміз баяндайды. 

РКС: Сот сарапшысы Ольга Шевкун бұл салада еңбек етіп келе жатқанына он жылдан асты. Оған және әріптестеріне тыйым салынған заттарды зерттеуге қатысты қаулы күн сайын түседі. Сарапшыларға көбінесе ұнтақ, сұйық және өсімдік типті синтетикалық шикізатпен жұмыс істеуге тура келеді. Бір затты толық тексеріп шығу үшін 30 тәулік қажет. Уақыттың көпшілігі зертханалық құралдармен жұмыс істеуге жұмсалады.   

СНХ:ОЛЬГА ШЕВКУН,ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН ЗЕРТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ СОТ САРАПШЫСЫ: Сарапшының жұмысы өте жауапты. Қорытынды жасауда ішкі тәртіп пен жауапкершілік аса қажет.біздің институтқа күн сайын есірткі заттарын зерттеу бойынша сот сараптамасын жүргізу қаулылары көптеп түседі. Біздің сарапшылар нақты шешім шығарудың шеберлері десе де болады. Барлық жұмыстар бекітілген әдіспен, заттардың салмағына сай жүргізіледі.

РКС: Облыстық сараптама институтында жүзден астам қызметкер бар. Олар классикалық және білімді қажет ететін зерттеулерді жүргізеді. Басты назар есірткі қылмысымен күреске аударылған.  

СНХ: ЕРКЕБҰЛАН МҰҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СОТ-САРАПТАМА ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақмола облысы бойынша сот сараптама институты мамандандырылған ұйым. Ол соттар мен тергеу органдарына ғылыми негізделген сараптаманы уақытында тапсырудан мүдделі. Өңірде есірткі зертханасының табылуы біздің ортақ жұмысымыздың ең басты көрсеткіші деуге болады. Ол жерде 200 келі синтетикалық зат табылды. Сарапшылардың дерегінше бұл 600 мың есе мөлшерді білдіреді.

РКС: Мұндай ауқымды жұмыстарды атқару барысында сапаға мән беріледі, әрбір жасалған қорытынды үш кезеңдік қатаң тексерістен өтеді. Тәжірибелі тәлімгерлер бұл мамандық терең логикалық ойлау қабілетін қажет етеді дейді. Бүгінгі таңда осы сала ардагерлерінің орнын жас мамандар басып жатыр, олар әдіс-тәсілдерді тез меңгеріп, табысты еңбек етіп жатыр. 

СНХ:ЖҰПАР ЫБЫРАЕВА,ОБЛЫСТЫҚ СОТ-САРАПТАМА ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Басшылық қызметте 40 жылдан астм еңбек еттім. Зейнет жасына келсем де әлі сүйікті ісіммен айналысып жатырмын. Қазіргі жастар менің көңілімнен шығады. Олардың логикалық ойлау қабілеттері ерекше дамыған. Жұмысты тез меңгеріп алады. Әдебиеттерді оқып, монографиялар жазып, істің бүге-шігесіне дейін білуге ұмтылады. Сараптама жүргізуге келгенде де тиянақты. Мен де өз білгеніммен бөлісемін.

 РКС: Институт мамандарының айтуынша, соңғы кездеріжаңа қылмыс түрлері пайда болды.Сондықтан сот сараптамасы да жетілдіруді талап етеді. Институт зерттеудің жаңа түрлерін енгізіп, сараптама қызметін цифрландырып, материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы замана көшінен қалмауға тырысады. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.