ДИКТОР:Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ендігі кезеңде Қазақстан инфрақұрылымы мықты, энергетикасы тұрақты мемлекет болуға бағыт алды. Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осы міндеттерді айқындап берді. Алдағы жылдары жарық, жылу, жол және тұрғын үй мәселесін жүйелі шешуге басымдық беріледі. Ал бұл бастамалар халықтың тұрмыс сапасына қандай өзгеріс әкеледі, қандай жобалар қолға алынады? Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады. 

РКС:Жарықтың үздіксіз берілуі, жаңартылған инженерлік желілер, сапалы жолдар мен жаңа тұрғын үйлер. Мемлекет қолға алған ауқымды жаңғырту жұмыстарының түпкі мақсаты - халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Соңғы алты жылда елімізде электр энергиясын өндіру көлемі 16 миллиард киловатт-сағатқа артты. Ал энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы жүзеге асырылып, үш жыл ішінде кәсіпорындардың күрделі жөндеу жұмыстарына 900 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Бүгінде Үкімет «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруда. Оның аясында 2030 жылға дейін жүздеген энергетикалық нысан жаңғыртылып, ондаған мың шақырым инженерлік желі жаңартылады. Бұл бастамалар Ақмола облысында да кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. 

СНХ:ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Бүгінде 5 жылдық жоспар жасалып қойылды. Осының ішінде тікелей айтатын болса, инвестициялық жобалар, көлемі, бұрынғымен салыстырғанда 5-6 есеге ұлғайды. Одан бөлек, жаңғырту программасы бойынша қаражатты банкіден алып, соны 15 жылдың ішінде тариф арқылы қайтару туралы Заң қабылданды. Бұл заңмен жұмыс енді басталып жатыр. Алдағы уақытта осы 4-5 жылда біз бұрынғы ескірген, тозығы жеткен электр қонлырғыларын, бағаналарды, сымдарды ауыстыру жағынан үлкен бір дәрежеге жетеміз деп сенеміз.+СКЛ+Бүгінде тозығы жеткен электр қондырғыларының көлемі 80 пайызды құрайды. Бірақ осы 3-4 жылда соны 20-25 пайызға төмендеті көзделіп отыр. Бұл үлкен жетістік болар еді. 

РКС:Президент өз сөзінде тағы бір маңызды міндетке тоқталды. Ол - Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыру. Әрине, бұл тек тұрғын үй салу ғана емес. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту деген сөз. Жалпы былтыр елімізде 20 миллион шаршы метрге жуық баспана ел игілігіне берілсе,оның 700 мың шаршы метрі Ақмола облысының үлесіне тиесілі. Нәтижесінде8 мыңға жуық отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Биыл да бұл үрдіс жалғасып, мыңдаған отбасының тұрмыстық жағдайын жақсартуға ықпал етпек. 

СНХ: ТАЛҒАТ ҚАСЕН, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:Елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін ең бірінші, тұрғын үй мәселесін шешу керек, әлеуметтік жағдайды жақсарту керек.Оның бәрін жақсылап дамытсақ, сонда ғана халықтың әл-ауқаты жақсара түседі. 

РКС:Аталған бағыттардың барлығы - жаңа Қазақстанның келбетін айқындайтын басты көрсеткіштер.Тәуелсіздік жылдары елімізде 3,5 мыңға жуық заң қабылданса, соңғы үш жылдың өзінде 300-ден астам маңызды заң күшіне енді. Сарапшылар бұл өзгерістер инвестициялық ахуалды жақсартып, өңірлердің тұрақты дамуына серпін беретініне нық сенімді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ