ДИКТОР: Қала тұрғындары иесіз иттердің мәселесін жиі көтереді. Бүгіндері оларды аулау жұмыстарымен «Шанс на спасение» қоғамдық бірлестігі, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі айналысады. Бірақ, екі айдан бері иесіз иттермен ешкімнің шаруасы жоқ. Оның басты себебін тілшіміз анықтап көрді.
РКС: Екі жылдан бері «Шанс на спасение» қоғамдық бірлестігі иесіз иттерді аулап, зарарсыздандырып, вакинация жүргізіп, халыққа зиянсыз ету жұмыстарымен айналысып келеді. Адам өміріне қауіп төндіретіндер сыртқа мүлдем шығарылмай, қамауда ұсталады. Екі жылдың ішінде мыңға жуық төрт аяқты бағдарлама шеңберінен өтті. Алайда бүгінгі таңда иесіз иттер көше кезіп жүр. Оларды аулайтын қаржы бөлінбеген. Аталған ұйым атқарылған істеріне де әлі ақы алмаған. Алайда қаржыландыру мәселесі шешімін тапқан жоқ.
СНХ: АНГЕЛИНА МЕЛЕТЕНКО, «ШАНС НА СПАСЕНИЕ»ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ:Қазір біз иесіз иттерді аулау жұмыстарын тоқтатуға мәжбүрміз, өйткені мемлекет тарапынан қаржыландыру кешеуілдеп жатыр. Біздің есепшоттарымыз да бұғатталды, қаржы тек шілде айының ортасында ғана түседі деп бізді сендіріп отыр. Иесіз иттерді аулайтын адамға да, ветеринар дәрігерге де жалақы төлей алмай отырмыз.
РКС: Дегенмен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бригадалары иесіз иттерді аулаумен айналысып жатыр. Тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдарға қатысты және иесіз иттердің көп шоғырланатын жерлеріне жиі рейдке шығып тұрады. Жыл басынан бері олар 147 иесіз иттерді аулапты.
СНХ: БАҚТИЯР ТАЛҒАТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Аулау жұмыстарын жүргізу үшін. Бөлім тарапынан екі мамандандырылған бригада құрылды. Осы бригадаларға Жүргізуші мен жануарларды аулау жөніндегі мамандар жұмысқа тұрғызылды. Іс шараны өткізу мақсатында екі арнайы автокөлік сатып алынып, арнайы 30 аулау торы сатып алынды.
РКС:Дегенмен иесіз иттерді аулау жұмыстары Көкшетауда толық жүргізіліп жатқан жоқ. «Шанс на спасение» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қаржыландыру мәселесі шешіледі деген үмітте. Сондықтан әзірге қашан іске кірісетіндері белгісіз.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСИН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ