ДИКТОР:«Халықтық Конституция–әлеуметтік-саяси процестерді жаңғырту және этносаралық келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында қолданыстағы Конституцияның негізгі қағидаттары, оның қоғамдағы орны мен құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңызы жан-жақты талқыланды. Этносаралық келісім мен қоғамдық бірліктің ел дамуындағы орны да айтылды. Сонымен қатар,ел болашағындағы жастардың рөлі туралы ерекше мазмұнды пікір алмасу өтті.

РКС: Дөңгелек үстел басындағы кездесуде Қазақстандағы этносаралық келісім мен қоғамдық татулықтың ел дамуының негізгі факторларының бірі екені ерекше айтылды. Қатысушылар түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарау, өзара сенім мен сыйластықты нығайту, жастар арасында патриоттық және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

СНХ:БОЛАТ ЗӘКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Жаңа Конституция біздің тәуелсіз еліміздің паспорты. Жаңа Конституция ол ел тірегі. Ол біздің болашағымыз. Әсіресе, бұл Жаңа Конституция жастардың болашағына арналған. Өйткені, еліміздің болшаға ол біздің жастар. Сондықтан, Конституция арқылы біздің еліміз әлдеқайда дамып, көптеген жетістіктерге жетеді дегенге сенеміз. 

СНХ: ДАРХАН ЕРЛАНҰЛЫ, ҚАТЫСУШЫ:Салауатты мемлекет болуымыз үшін жастарымыздан бастағанымыз дұрыс. Яғни ол 10 жасар бала болсын болар баланың белінен қақпай, белін буып өсіру бәздәі ең басты мақсатымыз.

РКС:Конституция қағидаттарын тиімді жүзеге асыру, заң үстемдігін нығайту және қоғамдық келісімді одан әрі бекемдеу бағытындағы бірқатар маңызды ұсыныстар ортаға салынды. Елде сан алуан этнос өкілдерінің ортақ заңның аясында өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген бейбіт өмір сүріп отырғаны, бұл елдегі тұрақтылық пен бірліктің, татулық пен келісімнің жарқын көрінісі екені ерекше атап өтілді. 

СНХ:ГЕРИХАН ЯНДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ШЕШЕН-ИНГУШ ЭТНОМӘДЕНИ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінбейбітшілік пен елдер ынтымақтастығын берік ұстанып, болашаққа нық қадам басу қажет. Осыжолда Конституция елдің бірлігі мен тұрақтылығын айқындайтын басты құндылық ретінде зор үміт ұялатады. Мен Қазақстан бұл бағытта әлемдік даму үдерісімен қатар қадам басып келеді. Ынтымақ пен келісімді ту еткен халқымыздың жарқын болашағы үшін біз әрдайым көштің басынан көрінетінімізге кәміл сенем. 

РКС: Конституцияның барша азаматқа тең мүмкіндік беретін құқықтық негіз ретінде қоғамдағы үйлесім мен өзара сенімді нығайтудағы айрықша роліне баса мән берілді. Ата заңның құндылықтарын құрметтеу, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау, заң талаптарын бұлжытпай орындау әр азаматтың маңызды міндеті екені атап өтілді. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ