ДИКТОР: Ақмола облысындағы Зеренді көлінің жағасындағы қарағай ағаштар жаппай қурап барады. Орманға қауіп төнді деген тұрғындар мен демалушылар жасыл желектің күн сайын солып бара жатқанына алаңдаулы. Айдынның жиегіндегі ағаштың құрып бара жатқанына не себеп? Көлдің бүгінгі экологиялық ахуалы қандай? Тілшіміз анықтады.
РКС: Бүгінде Зеренді көлін жағалай шамамен 30-ға жуық туристік нысан мен демалыс орындары шоғырланған. Қарағайлардың қурағанын байқаған демалушылар орманды алқапқа қауіп төніп тұр деп алаңдайды.
СНХ: НАСИФУЛЛА МАҚТАЕВ, ДЕМАЛУШЫ: Жылына бірнеше рет келеміз. Су бәрі жақсы, бір ішің ауыратыны, қарағайлар қурап жатыр. А так күшті демалатын жер. кісілердің қолынан келсе, көмектесіп, кісінің істемейтіні жоқ қой.
СНХ: ӘДІЛБЕК ҚАБДЫРАХМАНОВ, ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Су көтеріліп келе жатыр. 2023 жылдан бастап, жағаға жақындап келеді. Ағаштардың қурағаны, су қуратып жіберді. Вымыкание дейді тамырларынан. Сол себептен сарғайып жатыр. Табиғат қой. Кезінде 90-жылдары кісілер еңбектеніп, сеуіп, отырғызған осы жерге, міне 30 жыл болып қалды. Біраз ағаш қурап жатыр. Ішің ауырады оған.
РКС: Ұлттық табиғи парктің мамандары жасыл желектің жаппай құрып бара жатқаны ылғалдың көптігінен болды,- дейді. Сонда да Орталық Азияның экологиялық зерттеу институтымен бірлесіп, көлге ғылыми тұрғыдан кешенді зерттеулер жүргізуді қолға алды. Ал, 1 гектар аумақтағы 50 текше метр қураған ағаш биылдан қалмай кесілетін болды.
СНХ: ЕРЛАН ЖҰМАЙ, “КӨКШЕТАУ” МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ: Зеренді тұйық болғанымен, жер асты бұлақтар бар, бұлақ көздері ашылған болуы мүмкін. Мұтп санитарлық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2022 жылдан бері 18 гектар аумақта.
КСМ: Зеренді көліндегі су деңгейінің көтерілуі аудан орталығының инфрақұрылымына да кері әсерін тигізді. Мәселен, көл жиегіне жақын орналасқан 17 үйді су басып, төтенше жағдай жарияланды. Бүгінде 12 отбасы қауіпті аумақтан көшірілді. Ал қалған бесеуі қоныс аударудан бас тартқан.
СНХ: ӘДІЛХАН ӘЛЖАНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Сол төтенше жағдайдың шеңберінде осы Мусин көшесінде бөгет салынған болатын. Қазіргі кезде бөгет толығымен салынып бітті. Оның ұзындығы 1300 м, ені 6 м, тереңдігі 6 метр. бөгеттің арқасында Мусиннің көшесінің суға кету қаупі азайды.
РКС: Көл жиегіне жақын орналасқан көшенің тұрғындарын жер асты суларының көтерілуі де мазалайды. Бұл мақсатта дренажды екі су сорғыш станция орнатылды. Ол сағатына 150 текше метр су шығаруға қауқарлы. Десе де, ауыл тұрғындары көлдің артық суы құйылатын қосымша канал салынса дейді.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ