ДИКТОР: Көкшетауда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті. Шараға қатысқан өңірдің 90-ға жуық кәсіпорны өнімдерін көпшілік назарына ұсынып, көрменің көрігін қыздырды. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқау отандық өндірушілерді қолдап, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді. 

ИНТЕРШУМ: 

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Таңмен таласа келген жұртшылықтың да қарасы қалың. Мұнда азық-түлік өнімдерінен бастап, өнеркәсіптік тауарларға дейін өнімдер ұсынылған. Әсіресе, әрине азық-түлік өнімдеріне қызығушылық ерекше байқалады. Сәлеметсізбе, сіз бұл байқауға қандай өнімдерді әкеліп отырсыз, таныстырып өтсеңіз.

СНХ:СӘУЛЕ ТОҚТАҒҰЛ, КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ: Біз ешкі сүтінен сүт, айран, творог, творожный масса, курагамен, ваниль изюммен, және нешетүрлі жеміс-жидектер қосылған йогурттар алып келдік. Біздің өнімдер ешкі сүт өнімдері, несімен ерекше десеңіз, кейібр адамдарда аллергия болады сиыр сүтіне, бізде сол аллергиясы бар адамдарға ешкі сүт өнімін ұсынамыз. Біздің өнімдер табиғи қоспалармен ерекше.  

РКС: Қатысушылардың арасында алғаш қатысып отырған кәсіпорындар да бар. Бурабай ауданына келген қатысушы 2022 жылдан бері балық шаруашылығымен айналысып келеді. Айтуынша, мұндай байқаулар кәсіпкерліктің тасын өрге домалатып, одан әрі дамуына серпін береді. 

СНХ: ЕВГЕНИЙ ЕРМИШИН, КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ: Қазір форель өсірудің толық циклін өзіміз жүргіземіз. Ұрықтандырылған уылдырықты Франция, Дания және Польшадан әкеліп, өзіміз инкубациялаймыз. Алдағы уақытта бекіре тұқымдас балықтарды өсіріп, қара және қызыл уылдырық өндіруді жоспарлап отырмыз.

РКС: Келушілер ұсынылған өнімдердің сапасымен танысып, дәмін де татып, тауарды тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ бағалы сыйлықтар ұтысына қатысып, мерекелік концертті тамашалады.

СНХ: ЕРМЕК ДОСБЕРГЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Міне, бәрін аралап шықтық. Оынң ішінде, міне әкеліп сатып жатқан қымыздары да оңды екен. Сіздерге мыңда бір рахмет. Бәрін ойластырып, елге көрсетіп жатқандарыңызға. 

РКС: Ақмола облысы - елдің азық-түлік белдеуі. Жергілікті тауар өндірушілері ішкі нарықпен қатар, сыртқы нарықты қамтуға да қауқары толық жетеді. Кәсіпкерлерді мемлекет те үздіксіз қолдап келеді. 

СНХ: НҰРБЕК НӘЛҚОЖА, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз ұлттық кәсікерлер палатасы атынан жан-жақты кәсіпкерлерге көмектесеміз. Кіші кәсіпкерлерге көмек жағынан тек республика ішінде емес, шетелге шығаруға да мүмкіндік жасаймыз. Сертификаттар береміз. Біздің әр өңірдегі өкілдеріміз осы кәсіпкерлерге жан-жақты сұраныстарына жауап береді. 

РКС: Биыл да қатысушылар «Үздік азық-түлік тауарлары», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» және «Халық тұтынатын үздік тауарлар» атты үш аталым бойынша сынға түсті. Қазылар өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне, сыртқы безендірілуі мен нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне басымдық береді. Өңірлік кезеңде үздік атанған кәсіпорындар енді республикалық байқауда бақ сынайды.  

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ