ДИКТОР: Көкшетауда облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа отырысы өтті. Басқосудың негізгі тақырыбы ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Жиынға ардагерлер, мемлекеттік мекеме өкілдері қоғамдық ұйым мүшелері, білім және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында жастар тәрбиесіндегі отбасының, мектептің және қоғамның рөлі, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. 

РКС: Ұлттың болашағы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды сіңіруге тікелей байланысты. Осы мақсатта ардагерлердің өмірлік тәжірибесін кейінгі буынға үлгі етіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар тұжырымдамалар мен бастамалар әзірленді.

СНХ: НҰРҒИСА ДӘУЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ардагерлеріміз 7 негізгі бағыт бойынша арнайы концепция дайындаған. Осы бағыттағы концепциялар бойынша мемлекеттік органдар болсын, мәдениет басқармасы болсын толық қолдаймыз. Ардагерлермен бірге жастарды тәрбиелеу мақсатында жүзеге асыруға бүгін уағдаластық. Әрине нәтижесі болатынына кәміл сенеміз. Өйткені өмірі ұзақ, тәжіребиесі мол ардагерлеріміздің тағлымды ойлары, басты оны біз жастарға ұғындыра алуымыз керек. 

РКС: Отырыс барысында ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. 

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жастардың тәрбиесі, жастардың болашағы қоғамымызда болып жатқан үлкен дүүниелер толық қамтылды деп ойлаймын. ол 1 күндік, 1 айлық, 1 жылдық мәселе емес ол, әрмен қарай жылдар бойы ұлтты жаңа деңгейге көтеру, жаңа болмысын қалыптастыруға сіңірілетін үлкен еңбек деп санаймын. 

РКС: Кеңес барысында аға буын өкілдері жастар ұйымдарымен бірлескен жобаларды көбейту, патриоттық және тағылымдық кездесулерді тұрақты өткізу жөнінде ұсыныстарды қолға алынатындығы айтылды. Себебі, ұлттық құндылықтарды ұлықтау мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау ел болашағының негізі. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ