ДИКТОР: Эндосонография әдісі көпбейінді облыстық ауруханада енгізілуде. Бұл технология эндоскопия мен ультрадыбыстық зерттеу мүмкіндіктерін біріктіреді. Осының арқасында дәрігерлер емдеу кезінде ішкі мүшелердің жағдайы туралы барынша дәл ақпарат ала алады. Осы жабдықта жұмыс істеу жоғары біліктілікті талап етеді. Жергілікті дәрігерлерге арналған шеберлік класты қарағандылық маман өткізді.
РКС: Бурабай ауданының тұрғыны Михаил Трофимовтың флюорографиядан өту кезінде сол жақ өкпесінде күмәнді дақ пайда болғаны анықталды. Дәрігерлер оған ота жасап, бірақ компьютельік томография кезінде оң өкпеде де соған ұқсас өзгерістерді байқады. Шеберлік класс аясында пациентке биопсия жасалды.
СНХ: МИХАИЛ ТРОФИМОВ, ЕМДЕЛУШІ: Барлығы жақсы, қажет анализді алды. Дәрігерлерге алғысым шексіз. Ем-дом көрсетіп жатыр.
РЗК: Эндосонография ісікті ең алғашқы сатыларда анықтауға, олардың мөлшерін, таралу тереңдігін және ауру сатысын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің жоғары дәлдігінің арқасында дәрігерлер тезірек диагноз қойып, ең тиімді емдеу тактикасын таңдай алады.
СНХ: ИНДИРА ХАМИТОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЭНДОСКОПИСТ ДӘРІГЕРІ: Қазір біз бұл технологияны тек тексеру үшін ғана пайдалана алмаймыз. Ұйқы безі, орта ағзалары, оның ішінде лимфа түйіндері сияқты қол жетпейтін ағзалардың биопсиясын ала аламыз. Бұрын бұл ең қиын болатын. Және верификациясыз қалған пациенттер, оларды емдеу мүмкін емес, немесе емдеу қиын болатын. Қазір осы технологияның арқасында осының бәрін аз инвазивті түрде жасай аламыз, бұл ретте пациент өз емінің толық көлемін алады.
РКС: Мұндай емдеуге арналған жабдықтарды облыстық аурухана бір жыл бұрын сатып алған. Содан бері бірнеше шеберлік классы өткізілді. Бұл өңір тұрғындарына сапалы диагностикалық және жедел процедураларды сенімді орындау үшін аса қажет.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ