ДИКТОР: Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністерінің салдарынан 4 734 адам көз жұмды. Соңғы күндері зардап шеккендер саны өзгерген жоқ. Қазіргі таңда 16 740 адам түрлі жарақат алған.


ДИКТОР+ВИДЕО: Бұдан бөлек, елде 18 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалып отыр. Табиғи апат салдарынан 190 ғимарат толық қирап, тағы 856 нысанға айтарлықтай зақым келген. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 6 462 адам құтқарылды. Медициналық көмек 33 652 зардап шегушіге көрсетілді. Сонымен қатар, 128 324 отбасы гуманитарлық көмекпен қамтылды. Уақытша орналастыру лагерьлеріне 20 903 адам жайғастырылып, зардап шеккен тұрғындарға 10 мың тоннадан астам азық-түлік жеткізілді. Айта кетейік, шілденің алғашқы онкүндігінде Венесуэлаға Қытайдың алғашқы гуманитарлық көмегі жетті.

Қытай Ляонин провинциясындағы су тасқынының салдарын жоюға 30 млн. юань бөлді


ДИКТОР+ВИДЕО: Қаражат бүлінген жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеуге және тұрғындардың қалыпты өмірге тезірек оралуына бағытталады. Елдің солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында нөсер жаңбыр мен су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына орталық бюджеттен 30 миллион юань бөлінді. Бұл шамамен 4,4 миллион АҚШ доллары. Бөлінген қаражат негізінен бүлінген инфрақұрылымды, оның ішінде автожолдарды, сондай-ақ мектептер сияқты әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге жұмсалады. Бұл жергілікті тұрғындардың қалыпты еңбек қызметі мен күнделікті өміріне тезірек оралуына мүмкіндік береді. Биылғы тоғызыншы «Бави» тайфунының солтүстікке қарай жылжуы салдарынан Ляонин провинциясында нөсер жауын жауып, ауқымды су тасқыны болды. Табиғи апаттан әсіресе Шэньян мен Фушунь қалалары және басқа да елді мекендер қатты зардап шекті. Ляонин провинциясында төртінші деңгейдегі төтенше әрекет ету режимі енгізілді.