ДИКТОР: Ақмола облыстық облыстық көпсалалы ауруханасының инсульт орталығы Қазақстандағы инсульт қызметтері арасында өткен ұлттық байқауда бірінші орынды жеңіп алды. Бұл бөлім Көкшетауда 2012 жылдан бері жұмыс істейді. 14 жыл бойы дәрігерлер жедел ми қан айналымы бұзылыстары бар науқастарға көмек көрсетіп келеді. 

РКС: Шортанды ауданының тұрғыны Райхан Мусдакимова 22 маусымда өзін нашар сезінеді. Инсультқа тән симптомдар білініп, әйелдің оң жағы ұй бастайды. Науқас алғашында Шортанды аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінді. Бірақ онда пациентте инсульт белгілері жоқ деген қорытынды шығады. Райхан Астанадағы невропатологқа барады, денсаулығы нашарлап, қызының талап етуімен Көкшетаудағы клиникаға жүгінеді. Мұнда дәрігерге инсультті анықтау үшін тексеру қажет деп, науқасты облыстық аурухананың инсульт бөлімшесіне жібереді. Қазір әйел өзін жақсы сезініп, оңалтудан өтуге дайындалуда.


СНХ: РАЙХАН МУСДАКИМОВА, ЕМДЕЛУШІ: 9 шілдеден бері осында емделіп жатырмын. Денсаулығымды жан-жақты тексеріп, қажет ем дом көрсетуде. Бұл жерде бөлімше меңгерушісінен бастап санитарларға дейін өз міндеттерін жақсы атқаратынын көріп жатырмыз. Пациенттерге өте жақсы, мұқият, әрбір науқасқа жеке-жеке барып, қайта қайта жағдайын сұрап, үнемі қан қысымын өлшеп, міндеттерін адал атқаруда. Менде қант диабеті диагнозы бар, олар үнемі қант мөлшерін тексеріп отырады. Қан қысымын өлшейді. Ұжымда командалық үйлесімді жұмыс бар. Олардың тәулік бойы тынымсыз еңбек ететінін көріп отырмын.

РКС: Инсульт орталығында 27 қызметкер еңбек етуде. 20 төсек-орынмен жабдықталған. Дәрігерлердің мультидисциплинарлық командасы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарына да көмек көрсетеді. 

СНХ: ШАЛҚАР ҚАПАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ИНСУЛЬТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біздің бөлімшеде инсульттың әр түрі кездеседі. Бұл ишемиялық, оның ішінде геморрагиялық, субарахноидалдық қан құйылу, сондай-ақ өтпелі инсульт - мұны транзиторлық ишемиялық шабуыл дейді. Онындай диагнозбен науқастар түседі. Бізде емдеу толық көлемде жүргізіледі. Бұл жерде ерте оңалту бар. Алғашқы күннен бастап емделушілер оңалтудан өтеді. Оған ЛФК, массаж, физиотерапия және басқа да емшаралар кіреді.

РКС: Бөлімше жұмысына диагностика мен емдеудің заманауи әдістері енгізілуде. Соңғы жаңалықтардың бірі «Cerebra» ақылды жүйесі болды. Бұл бағдарлама дәрігерлерге ауруды санаулы минуттардың ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл инсульттің салдарын азайтуға көмектеседі және пациенттің қалпына келу мүмкіндігін едәуір арттыратынын атап өтті.

СНХ: ШАЛҚАР ҚАПАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ИНСУЛЬТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл бағдарлама телефондағы әрбір дәрігерге орнатылған. Біз үш-бес минут ішінде науқас жайлы алдын ала ақпарат ала аламыз. Онда біз снимогты және зақымдану ошағын көре аламыз. Бұдан пациентті емдеудің одан арғы тактикасын бағалаймыз.

РКС: Дәрігерлер мұндай деңгейдегі байқауда жеңіске жету – бар ұжымның үйлесімді еңбегінің, қызметкерлердің кәсібилігінің және жағдайдың күрделілігіне қарамастан, әрбір пациентке көмек көрсетуге деген шынайы ұмтылыстың нәтижесі дейді. 

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САНЖАР НҮРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ