ДИКТОР: Көкшетауда Jaña Jağalau Fest ауқымды фестивалі өтті. Оның барысында жаңа скейт-саябақ ашылып, қаланы дамытудың жобасы таныстырылды. Жастардың басын қосқан мұндай фестиваль бұдан былай дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болады және ол Көкшетаудың ерекше қолтаңбасына айналмақ. 

РКС: Жағалауды бұл күні әсем әуен тербеп,мыңдаған тұрғын мен қонақтар серуенге шығып, алдын ала хабарламаға сәйкес нендей ерекшелік болар екен деп қызығушылық танытқандар жиналды. Басым көпшілікті жастар құрады. Фестивальдің басты оқиғасы заманауи және ерекше үлгідегі скейт-саябақтың ашылуы болды.  

БЛИЦ-САУАЛНАМА: 

РКС: Спорттың экстермалды түрін жақсы көретіндер үшін жаңа алаңның пайда болғаны көптен күткен құбылыс еді. Бұған дейін спортшылар қала көшелерінде жаттығып келген, енді жаттығу жасап, турнирлер өткізуге ыңғайлы заманауи кеңістік пайда болды. 

СНХ: ЕВГЕНИЙ ФРАНКЕЕВ, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ: Бұл спорт түрімен жеті жылдан бері айналысамын және Көкшетауда осындай скейт саябақтың пайда болғанына қатты қуанып қалдым. Біз бұған дейін қала көшелерінде жүріп келген едік, тіпті ол бізге қолайыздық тудыратын.

РКС: Скейт-саябақтың ашылуы қала инфрақұрылымын дамыту жобасының бір бөлігі болатын. Өңір басшысы Марат Ахметжанов жағалаудағы жаңғырту жұмыстары одан әрі жалғасатынын айтты. 

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Менің білуімше, мұндай скейт-саябақтың Қазақстан бойынша тек Алматы қаласында екеуі бар еді, енді міне Көкшетауда да пайда болды. Қалада осындай спорт алаңының ашылуымен құттықтаймын. «Жаңа жағалау» жобасы әрі қарай жалғасады. Біздің ауқымды жобамыз бойынша екі километр Сарыарқа шағын ауданына қарай жасалатын болады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарға ұнайтынына сенімдімін. 

РКС: Фестивальді ұйымдастырушылар жаңа алаң жастардың басын біріктіреді дейді. Спорт белсенділерімен қатар қонақтарға Қазақстан мен шетелдің танымал әртістері өзінің концерттік бағдарламасын ұсынды. 

СНХ: АЯНБЕК ХАЛИХАНҰЛЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгін біз міне жаңа жағалауда скейт парк ашылу салтанатындамыз. Бұл негізгі мақсаты біздің қаламызда скейт парк ондай болған жоқ. Сонда ос жақта облыс басшымызға мыңда да бір рахмет айтамыз жастардың атынан. Бүгінгі кеште одан бөлек Қазақстанға белгілі жұлдыздар қатысады және де шетелден жұлдыздар қатысып жатыр және халықаралаық диджей де қатысып жатыр.    

РКС: Мыңдаған тұрғын бұл күні ашық аспан астында өздерінің сүйікті әншілерінің әндерін тыңдап, билеп, көңіл көтерді. Жастар үшін бұл керемет сыйлық болды. Jaña Jağalau Fest фестивалі Көкшетауда дәстүрлі түрде өткізіліп, спорт, шығармашылық пен белсенділікті ұстанған жастардың басын қоспақ. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ