ДИКТОР: Биыл Бурабайға шамамен екі миллионға жуық адам саяхаттап келеді деген болжам бар. Сәйкесінше ондағы демалыс орындарының қызметі 20-25 пайызға қымбаттады. Бірақ туристер көбеймесе, азайған жоқ. Жергілікті билік бағаны бақылай алмайды. Бизнестің өз заңы бар, - дейді туризм саласының мамандары.
РКС: Бұл Бурабайдағы туристер көп келетін демалыс орындарының бірі. Бір мезетте 100-ге жуық адамды қабылдай алады. Биыл демалыс орнындағы қызмет бағасы 25 процентке қымбаттады. Бағаның өсуіне бірнеше себеп бар дейді,- демалыс орнының құрылтайшысы. Біріншіден, өңірде демалыс маусымы ұзаққа созылмайды. Жылы, қолайлы күндер аз. Сондықтан, демалысты ұйымдастыруға жұмсалған шығын кейде өзін ақтамайды.
СНХ: РАХМЕТОЛЛА НҰҒЫМАНОВ, ДЕМАЛЫС ОРНЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Әр түрлі факторлар көп. Былай айтқанда климаттың өзі. Бізде плюс 50, минус 50. 100 градус айырмашылық бар. Жол қарым-қатынас. Қыстың кезінде көптеген жауын-шашын, жаңбыр, қар кезінде, боран кезінде жол қатынасы мүлдем болмайды. Осындай факторлар әсерін тигізеді. Жеп отырған тамақтың бәрі тасымал. Ол да әсер етеді.
РКС: Бағаның өскенін туристер де байқаған. Көбі қымбат қонақ үйлерге бас сұқпайды. Тек таза ауамен тыныстап, орманды аралап қайтады.
СНХ: СЕНІМ ОМАР, ТУРИСТ: Бағасы болса қымбаттау. Бірақ қымбаттау болса да көрікті жерлері көп. Сол үшін де бағасы конечно қымбат болады деп ойлаймын.
СНХ: АЙНҰР СҰЛТАНОВА, ТУРИСТ: Біз экономдап келдік машина мен велосипедпен. Ал, бағасы қалай?Бағасы қымбатта бар. Тиімді бағалар да бар.
СНХ: ЖҰМАН МҰСТАФИН, ТУРИСТ: Бұл жерде әркімнің қалтасына возможность бар ғой. Пикник жасауға да болады. Қымбат гостиница да жатам десе де болады. Келіп таңертен, кешке келем десе де болады
РКС: Бурабайда 200-ден астам демалыс орны бар. Нарықтың құбылуы мен сұранысқа қарай, бағаны өздері бекітеді. Бұл бизнесті қадағалай алмайды- дейді жергілікті билік өкілдері. Таңдау жасау туристің өз еркінде. Әркім қалтасына қарай, демалыс орнын таңдайды.
СНХ: АРАЙ САДЫҚОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 25 мыңнан басталады. Кейбіреулері 100 мыңнан. Оны адам өзі таңдайды. Біз енді конкурентная среданы шығарауымыз керек. Оның қасына басқа отельдер салып, олар конкуренция есебінен бағаны түсіру керек. Каждый бизнеске біз кіріп бағаны түсір деп айта алмаймыз.
РКС: Баға саясаты бәсекелестік күшейгенде ғана реттелмек. Бұдан бөлек, курортты аймақта автотұрақ мәселесі де өзекті. Өйткені, демалыс күндері мұнда 15 мыңға дейін жеңіл көлік келеді,-дейді мамандар. Осыған байланысты былтыр 500 орынға арналған автотұрақ пайдалануға берілді. Биыл оны кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.