ДИКТОР: Көкшетауда жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы республикалық спартакиада шілденің 10-да басталды. Күні кеше жарыстың салтанатты ашылуы өтті. Шараға өңір басшысы Марат Ахметжанов және Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қатысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырсын.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Салтанатты шара заманауи «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтті. Жыл сайынғы республикалық спартакиаданың басты мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау. Биылғы спартакиаданың ерекшелігі оның жаңа Конституция қағидаттарын іске асыру кезеңімен тұспа-тұс өтуі. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов спорт инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі спорттық шара аса маңызды қоғамдық саяси оқиға, еліміздің жаңа халық Конституцияның ресми күшіне енуімен қатар өтуде. Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде «Жаңа Конституцияның заңды күшіне ену – ұлт тағдырда тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Ата-Заңымыз аса ауқымды қоғамдық саяси үдерістердің кезеңіне жол ашады» деп атап өтті. Бұл өзгерістер барлық саланы, соның ішінде спортты да қамтып, жаңа жетістіктерге жетелейді.
РКС: Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев спартакиаданың мемлекеттік қызметшілер арасындағы бірлік пен командалық рухты нығайтудағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған Ақмола облысының басшылығына алғыс білдірді.
СНХ: СЕРІК ЖАРАСБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Мұндай спорттық жарыстар ұжымның бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастарды спортқа баулуға зор ықпал етеді деп сенеміз. Республикалық спартакиада ұйымдастыруға атсалысқан, біріншіден жеке Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы, Сізге үлкен алғыс. Баршамыз бірлесіп, Президенттің политикасын ұстанып, мемлекеттік қызметшілер арасында және қарапайым халық арасында осыны қолдауға тырысу керекпіз. Барлық қатысушыларға әділ жарыс, жоғары жетістіктер мен денсаулық, табыс тілеймін. Жарыс құтты болсын!
РКС: Ақмола облысының құрамасы да спартакиаданың үздік командаларының қатарында. Өңір спортшылары соңғы жылдары тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп, әсіресе жүзу мен үстел теннисі бойынша бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлдегер атанып келеді. Салтанатты рәсім барысында жарыстың алғашқы күндерінде аяқталған спорт түрлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ГҮЛЖАНАР МҰРАТХАН, СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ): Мемлекеттік қызметшілері арасындағы жарыс Ақмола облысы Көкшетау қаласында өтіп жатқанына өте қуаныштымыз. Спартакиада өте тартысты өтуде. Мемлекеттік қызметшілер көбінесе кеңседе отыратындықтан мұндай жарыстар мемлекеттік қызметшілердің спортқа деген құлшынысын арттырады. Бұл өте қуантарлық жағдай. Барлық команда ойыншыларына сәттілік тілейміз. Ақмола облысы жақсы жетістіктер көрсетуде. Жақсы нәтиже күтеміз.
РКС: Республикалық спартакиада аясындағы жарыстар бірнеше күн бойы спорттың 10 түрі бойынша жалғасады. Мемлекеттік қызметшілер командалық және жеке сындарда бақ сынап, өз өңірлерінің намысын қорғайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыс қорытындысы бойынша арнайы марапатталып, үздік командалар анықталады. Спартакиада 17 шілдеде мәресіне жетеді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ