ДИКТОР: Аймақта прокурорлар жас отбасын мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етуге қатысты заңсыздықтарды анықтады. Облыстың аудандық ауруханаларының бірінде денсаулық сақтау саласындағы заңға қайшы әрекет орын алды. Тілші баяндасын.
РКС: Астрахан ауданының прокуратурасы жаңа туған нәрестелердің құқығының бұзылғанын анықтады. Аудандық аурухана 23 шақалаққа «Ана мен бала» жиынтығын уақытылы бермеген. Ол медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ұсынылуы тиіс еді. Жағдайды түзету үшін прокурорлар қадағалау актісін енгізді.
СНХ: МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: Қадағалау актісі бойынша аурухана «Ана мен баланың» 120 жиынтығын мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы анықталған заңсыздықтарды жоюға қатысты шара қабылдады. Осылайша жаңа туған 23 нәрестенің құқығы қорғалды. Бұдан бөлек, биыл дүниеге келген сәбилерді дәл осындай жиынтықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті қор жасақталды.
РКС: Прокуратураның араласуынан кейін сәбилердің құықығы толығымен қорғалды. Қазір аудандық аурухана отбасына тиісті жиынтықты таратып берді. Әлеуметтік және ауданның денсаулық сақтау саласында азаматтар құқығының сақталуын бақылау тұрақты түрде жалғасын табады,-деп атап өтті қадағалаушы ведомство өкілдері.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ