ДИКТОР: Көкшетауда даму ерекшеліктері бар жастарға арналған «Dia Amanat» инклюзивті шеберханасы өтіп жатыр. Үш күнге жоспарланған жоба 18 бен 35 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар жастардың шығармашылық қабілетін дамытып, қоғамға белсенді араласуына қолдау көрсетуге бағытталған. Шеберханада қатысушылар жаңа дағдыларды меңгеріп, өз мүмкіндіктерін шыңдай алады.
РКС: Осыдан бір жыл бұрын жұмысын бастаған «Diabetes academy kz» қоғамдық қоры 1-ші типті қант диабетімен өмір сүретін балалар мен жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Аталған жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаржылай қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.
СНХ: РАШИД ӘБІШЕВ, «DIABETES ACADEMY KZ» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қант диабеті диагнозы бар балаларға, олардың ата ана-аналарына көмек ретінде жасалған. Менің қарындасымның баласында сондай диагноз бар. Сол кісіден осындай ұсыныс болды. Қор ашып, жұмыс істейік деп. Осындай диагнозы бар балаларға көмек ретінде жасайық деген.
РКС: Инклюзивті шеберхана қатысушыларға жаңа кәсіпті меңгеріп, өз ісін бастауға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Жоба аяқталғаннан кейін де қолдау жалғасады. Қызығушылық танытқан жастарға Telegram каналы арқылы тегін онлайн оқу материалдары қолжетімді болады. Онда бұйым жасаудан бастап, оны нарыққа шығаруға дейінгі кезеңдер қамтылған. Ал шеберлік сағатын толық аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификат табысталады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ГҮЛБАРШЫН ҚҰРМАНОВА, «DIABETES ACADEMY KZ» ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Бірінші тип қан диабетімен ауыратын жастарда инсулиновая помпа қолданады олар. Бұл шеберханада инсулиновая помпаға арналған белбеу тігіп үйретеміз. Ол өте ыңғайлы. Спортпен айналысса да, жүгірсе де, түсіп кетпейді, денесінде жақсы тұрады. Содан кейін жастардың арасында үлкен сұранысқа ие болып жатқан әдемі әшекей бұымдарды жасап үйретеміз. Оны да табыс көзіне айналдыруға болады.
СНХ: АЙЫМ АМАНГЕЛДИНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мұндай шеберлік сағатына алғаш рет қатысып отырмын. Маған бәрі ұнап жатыр. Бұл туралы интернеттен білдім. Осындай жұмыстар адамды тыныштандырады әрі қолдың ұсақ моторикасын дамытады. Бұған дейін мұндаймен айналысып көрмеппін. Біздің қалада осындай шаралар жиі өте бермейді. Сондықтан біз үшін бұл жаңа әрі қызықты тәжірибе деп есептеймін.
РКС: Инклюзивті шеберхана Ақмола облысы бойынша 50-ге жуық жасты қамтиды. Жоба Көкшетаумен ғана шектелмейді. Алдағы уақытта қор өкілдері шеберлік сабақтарын Ақкөл және Атбасар қалаларында да өткізуді жоспарлап отыр. Жоба ерекше қажеттілігі бар жастардың қабілетін шыңдап, өз кәсібін бастауына жол ашады,-дейді ұйымдастырушылар.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ