ДИКТОР: Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада аясында Көкше төрінде мерекелік гала-концерт өтті. Онда Көкшетаудың талантты өнерпаздары үздік шығармаларды тарту етіп, әсем ән мен әуезді күйден шашу шашты. Кештің шырайын Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Жанар Дұғалова аша түсті. Оның орындауындағы танымал әндер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, мерекелік кештің сәнін келтірді.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Спорт пен өнердің үйлесімді үндестігін айшықтаған әсерлі кеш көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфераға бөледі. Жағалау бойында өткен концерттік бағдарламаға жиналған қала тұрғындары мен қонақтары ән мен әуенге бірге тербеліп, көтеріңкі көңіл күйін жасырмады. Олар өнерпаздардың әрбір орындауын ыстық ықыласпен қарсы алып, ұзақ қол шапалақтап, кештен ұмытылмас әсермен тарқасты.

СНХ: АЙНҰР КЕНЖЕҒОЖИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін міне Көкшетау қаласында алғаш рет алғашқы спартакиада бірінші рет өтіп жатыр. Қала тұрғындарын осы мерекемен құттықтаймын№ Біздің қаламыз көркейіп, құлпырып келе жатыр. Осындай көңілді іс-шаралар жиі болып отырады. Облыс әкіміне, қала әкіміне мың алғысымызды айтамыз.   

СНХ: ИЛЬЯС БАЛДИКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қаламызда осындай ауқымды шараның ұйымдастырылып жатқанына өте қуаныштымын. 

РКС: Әсем дауысымен, жоғары орындаушылық шеберлігімен және сахнадағы ерекше талантымен көпшіліктің жүрегінен орын алған өнер иесі Көкшетау жұртшылығын мерекемен құттықтап, өзінің жүрекжарды ақ тілегін жеткізді.

СНХ: ЖАНАР ДҰҒАЛОВА, ЭСТРАДА ӘНШІСІ: Құрметті Көкшетау тұрғындары, қала қонақтары, осындай өңірлеріңізде күнделікті болып жатқан мерекелермен шын жүректен құттықтаймын. Қала көркейе берсін, әрбір тұрғын бақытты болсын, амандық болсын, баршаңызға молшылық тілеймін. Әрқашан осындай бақытты сәттерде қауыша берейік. 

РКС: Мерекелік шараның шырайлы сәттері кеш соңына дейін жалғасты. Өнер иесі шараның соңында жиналған жұртшылықпен жүздесіп, естелік суретке түсіп, халықтың ақжарма тілегі мен ыстық ықыласына ие болды. Бұл әсерлі сәт мерекенің ажарын айшықтап, көпшіліктің көңілінде ұзақ сақталатын жылы естелікке айналды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ