ДИКТОР: Аймақта экологиялық мәселелерді кешенді шешудің 2026-2028 жылдарға арналған жаңа жол картасы әзірленді. Оған сәйкес өңірде қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған 40-қа жуық іс-шара өткізілмек. Осы және өзге де атқарылар жұмыстардың барысы туралы облыстық экология департаменті басшысының орынбасары өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
РКС: Жыл басынан бері облыстық экология департаментінің қызметкерлері бірнеше тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша экологиялық заңнамаға қатысты 55 заңсыздық анықталды. Айыппұл көлемі 52 миллион теңгеден асты. Сондай-ақ мамандар рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою және кәсіпорындар мен ұйымдардың табиғатты қорғау талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше мән беріп отыр.
СНХ: ТҰРАР ҚАРТАМҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Құқық қорғау органдарынан келіп түскен материалдар негізінде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жөніндегі шараларды уақтылы қабылдамағаны және Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабының талаптарын бұзғаны үшін 4 лауазымды тұлға, атап айтқанда: Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің әкімі; «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ басшысы. Степногорск қаласы әкімінің орынбасары. Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 324-бабының 1-бөлігіне сәйкес жалпы сомасы 129 748 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдар толық көлемде өндірілді.
РКС: Облыстық экология департаменті қоғамдық ұйымдармен, экобелсенділермен және волонтерлермен өзара тығыз байланыста. Олар экологиялық акцияларға қатысудан бөлек, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтауға да жәрдемдеседі.
СНХ: ТҰРАР ҚАРТАМҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Байтақ» партиясымен ұдайы тығыз ынтымақтастықтамыз. Олар бізге eOtinish жүйесі арқылы экология мәселесі бойынша жиі хабарласады. Нақты деректер бойынша арыз-шағымдарды рәсімдейді. Соның негізінде біз ұлттық статистика департаменті мен прокуратура арқылы жоспардан тыс тексеруге бамтамашыл боламыз. Экобелсенділермен де байланыс тұрақты.
РКС: Аймақта қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу жалғасуда. Оны облыстық экология департаменті сынақ зертханасының мамандары жүзеге асырады. Жыл басынан бері олар ауа мен судың және топырақтың сынамасын зерттеді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ