ДИКТОР: Париж маңындағы Фонтенбло орманында ірі өрт шықты. Қызыл жалын 2 мың гектар аумақты шарпыды. Оны сөндіруге төрт өрт сөндіру ұшағы, екі тікұшақ және 800-ден астам құтқарушы жұмылдырылды.

ДИКТОР+ВИДЕО: Жақын маңдағы елді мекендерден шамамен 900 тұрғын эвакуацияланды. Билік қасақана өрт қойды деген күдікпен екі адамды ұстады. Биыл Францияда аптап ыстықтың үшінші толқыны тіркеліп отыр. Соның салдарынан жыл басынан бері 32 мың гектардан астам жерді өрт шарпыған. 


Бангкокта өрттен 30 адам көз жұмды


ДИКТОР+ВИДЕО: Бангкоктағы шарапханада өрттен көз жұмғандар саны 30 адамға жетті. Тағы 70-тен астам тұрғын ауруханаға жатқызылған. Тергеу әлі жүріп жатыр. Полицияның алдын ала ақпаратына сәйкес, от үйдің төбесіне орнатылған ауа баптағыштағы қысқа тұйықталудан шығуы мүмкін. Ал құрбандар санының көп болуына қосымша есіктің дұрыс пайдаланылмауы себеп болған. Тағы бір есік жиһазбен жабық тұрған. Бұл өрт Таиланд астанасында кейінгі 17 жылда болған ең қайғылы оқиға болып тіркелді.