ДИКТОР. Зеренді ауданына қарасты Кіші Түкті орман шаруашылығының аумағы 19 мыңнан астам гектар. Оның 16 мыңнан астамын орманды алқап алып жатыр. Сондықтан жасыл желекті өрт шалмауы үшін әр қызметкер қырағылық танытып келеді. Биыл жаңа өрт сөндіру көліктерімен, ауыл шаруашылығы техникаларымен жарақтанған олар тәулік бойы орманды алқапты бақылауға алып, тиісті ақпаратты орталыққа үздіксіз беріп тұрады. Тілшіміз толығырақ баяндайды. 

Шум:

РКС. Кіші Түкті орман шаруашылығының маңындағы ауылдардың тұрғындары бұл дабыл дыбыстарына бойларын әбден үйретіп алған. Өйткені үнемі дайындық шаралары жасалып, техниканың әзірлігі тексеріледі. Қажетті құрал-жабдықтарымен жарақтанған жаңа екі өрт сөндіру көлігі сақадай сай әзір тұр. Жалынмен күресуге дайын жігіттер де қырағы күзетте. 

СНХ БАТЫРБЕК БЕГАЙДАРҰЛЫ, КІШІ ТҮКТІ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл мемлекет тарапынан үлкен көмек болды. Екі өрт сөндіру машинасы берілді.малопатрульный екі машина берілді .екі трактор берді. Алты техника пайда болды, соған ел басына рахмет, орман шаруашылығына рахмет, маңайымызда екі ауыл бар Дороговка және осы Кіші түкті орман шаруашылығының адамдарын жұмыспен қамтып отырмыз. 

РКС. Максим Симонович орман өрт сөндіру бекетінің жауынгері. Қорғаныш киімін көз ілеспес жылдамдықпен киіп әбден машықтанған. Өйткені жасыл желек орманды өрт шалатын болса, әр секунд бағалы. «Кіші Түктінің» әр тұрғыны әр талға көзінің қарашығындай қарап үйренген.

СНХ МАКСИМ СИМОНОВИЧ, ӨРТ СӨНДІРУШІ: Біз кез келген жағдайға дайынбыз. Барлық қажетті құрал-жабдықтар бар. Жаңа көліктер келді. Өрт бола қалған жағдайда тез жиналып, шығуға әрдайым дайын жүреміз.біз арнайы жаттығудан өттік, дегенмен өзіміз де бәрін жақсы білеміз, себебі бірінші жыл жұмыс істеп жатқан жоқпыз, ештеңе де бізге таңсық емес.

РКС: Орман шаруашылығындағы өрт сөндіру бекетінің қоймасында қызыл жалынды ауыздықтауға қажетті құрал-жабдықтың бәрі бар. Қорғаныш киімдерінен бастап, күрек-саймандар, су шашатын құралдар, адасып кеткендерді табатын ысқырыққа дейін әзір тұр. Тек олар бұл құралдар қоймада жата берсе екен, өрт болмаса екен деп тілейді. 

СНХ ҚАЗЫБЕК РАМАЗАНОВ, ОРМАН ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Диспетчерлер бар, боецтер бар, уақытында жұмыс істейміз. Малейший бірдеңе болса, сразу шығамыз, өртті сөндіреміз. Внимательно бәрі жұмыс істеп жатыр. Өрт ешқашан болмасын, бәрі дайын бәрі подготовлено,мықты. 

РКС: Орман шаруашылығындағы өрт сөндіру бекетінің аумағын аралап шығуға қажетті жаңа көліктер де бөлініп, жасыл желекті қорғау үшін қажетті алдын алу шаралары үнемі жүргізіледі. Бекеттегі кезекшілер күні-түні ауысыммен жұмыс істеп, орманды алқаптың және далалы аймақтың қызыл жалынға оранбауы үшін қырағылық танытып отыр. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ