ДИКТОР: Бүгін Ерейментау ауданында облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен семинар-кеңес өтті. Кездесудің басты тақырыбы агроөнеркәсіп кешенін дамыту және мал шаруашылығына жаңа тәсілдерді енгізу мәселелеріне арналды. Сонымен қатар жиын барысында шаруаларға канадалық озық тәжірибені пайдалана отырып цифрлық ет кластерін құру жөніндегі пилоттық жоба таныстырылды. Тілші баяндасын.
РКС: Жаңа жоба ауылдық аумақтардың экономикасын түбегейлі өзгертуге бағытталған. Ерейментау ауданында ауқымды ет кластерін құру жоспарланып отыр. Аталған жоба ауыл шаруашылығы саласындағы канадалық IT-оператормен бірлесін әзірленген. Ол қалмақ тұқымдас 20 мың бас ірі қараға арналған үш репродукторды, ірі бордақылау алаңын және 300 жергілікті шаруашылықтан құралған кооперацияны біріктірмек. Өндірістің барлық кезеңінде малдың өнімділігін бақылайтын цифрлық шешімдер енгізіледі. Аймақ басшысы Марат Ахметжановтың пікірінше, мұндай кәсіпорынның табысты жұмысы тұтас ауданды қаржылық тұрғыдан тәуелсіз етпек.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мынау тек қана бір қожалықты айтайын. Бұдан қазір жалпы алдыңғы жылы аудан 2 миллиард 100 миллион салық жинаған болса, осы Ерейментауда. Бір қожалық келесі жылы 1 миллиард 300 миллион салық төлейді. Сондықтан көрдіңіз бе, бір қожалық осы жарты ауданның бүкіл салығын төлейді. Ал егер осындай үш-төрт қожалық болса, бүкіл осы келген қаражат, салық бәрі елде қалады. Қазіргі бюджет программамыз, білесіздер КТЛ (корпоративтік табыс салығы), 100 пайыз ауданда қалады. 100 пайыз ауданда қалғанда, бұл тек қана олардың осыларының арқасында, жаңағыдай әлеуметтік жағдайы, ауылдардың құрылысын жақсартуға толық мүмкіндік болады. Елдердің жолына, елдердің жаңағыдай әлеуметтік нысандарын салуға, свет керек пе, көше керек пе, дәріхана керек пе, оны өздеріңіз шешесіздер. Өйткені біз Астанадан немесе Көкшетаудан облыстан отырып емес, халықтың нағыз көкейкесті мәселесі қандай бар осы жерде, жергілікті депутаттар мен жергілікті белсенділер шешетін болады.
РКС: Қосымша шаруаларды субсидиямен қолдап отыр. Ауыл шаруашылығы Министрлігі тапсырылған еттің әр келісіне, аналық малдың әр басына және қысқы төлге төлейді. Бұдан былай мемлекеттік қолдау 5-6 проценттік жылдық үстемемен ұзақ мерзімді несиелеу есебінен ұлғайтылмақ. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, қаржыландырудың жаңа тетіктері нарық қатысушылары үшін несиені мейлінше қолжетімді етпек.
СНХ: АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Бірақ бұл бағдарлама қазіргі басталған кезде соны жүзеге асыруымыз керек. Сондықтан тек қана бір Аграрлық несие корпорациясы арқылы ғана қаражат алмай, соның алу көлемін кеңейту деген мақсатпен қазір бүкіл облыстарда кредиттік корпорациялардың бәрін, СПК-лардың бәрін қостық. Кредиттік серіктестіктер арқылы да, iә, одан да ала аласыз қазір. Яғни, қазірде мүмкіндік беріп отырмыз.
РКС: Биыл Ақмола облысына алғашқылардың бірі ретінде етті мал шаруашылығын дамытуға жеңілдетілген несиелік қаржы бөлінді. Оның сомасы 15 миллиард теңге. Жалпы алғанда аймақта етті қайта өңдейтін 19 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олар жылына 40 мың тонна өнім өндіреді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ