ДИКТОР: Ақмола облысында тұрғын үйді жөндеудің 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қабылданды. 250 ескі үй бұзылады. Олардың орнына заманауи технология бойынша 55 жайлы тұрғын үй кешені салынады. Соның есебінен өңірдің 18 мыңға жуық тұрғыны жаңа баспанамен қамтылады.
РКС: Бүгінде жөндеу бағдарламасы Көкшетау қаласында және облыстың 8 ауданында іске асырылуда. Биыл өңірде алғаш рет жаңа технология бойынша энергия жағынан тиімді көп пәтерлі үйлердің құрылысы басталады. Кәдімгі ғимараттармен салыстырғанда олар энергияны аз тұтынатын болады, бұл жылыту мен электр қуатының шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, өңірде алғаш рет кешенді тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру басталады.
СНХ: ӘЛИ ӘЛИЕВ, «KOKSHE» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір біз құрылысты бастап жатырмыз. Облыс әкімінің кешенді құрылыс жүргізу туралы нақты тапсырмасы болды. Кешенді құрылыс дегеніміз не? Алдымен біз осы жерге толық талдау жүргізіп, шеберлік жоспарын жасап, коммуникациялардың тозуын, мектептер мен балабақшалардың санын, адамдарға арналған аумақтарды, жайлы өмір сүруге арналған саябақтарды ескереміз. Осының барлығы ескерілгеннен кейін ғана біз жаңартумен және жобалау жұмыстарына кірісеміз.
РКС: Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы бюджет қаражатын тартусыз, инвесторлардың есебінен жүргізілмек. Биыл өңірде жөндеу бағдарламасы бойынша 790 пәтерлік көпқабатты 11 үй салынады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ