ДИКТОР: Демалыс күндері Металлургтер күніне арналған мерекелік іс-шара кең көлемде аталып өтті. Кәсіби мерекеге орай жаңа жағалауда ұйымдастырылған концертке қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды. Мерекелік кеште жергілікті өнерпаздармен қатар танымал эстрада жұлдыздары да сахнаға шықты. Концерттік бағдарламаны тілшіміз Евгений Варанкин тамашалап қайтты.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Өткен сенбі күні Көкшетау қаласында металлург күніне орай ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Сахнада Көкшетау қаласыан бөлек Астана қаласынан белгілі әртістер мен әншілері қатысып жатыр. Іс-шараның бір ерекшелігі – сахнада Қайрат Нұртас өнер көрсетеді.
РКС: Кештің басты қонағы – Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас болды. Танымал әнші көпшілікке сүйікті әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
ИНТЕРШУМ:
ДЛЯ РУС. РЕД. СНХ: ДАНИЯР МАКАНОВ, РУКОВОДИТЕЛЬ КОМПАНИИ «DM PRODUCTION»: Сегодня у нас крутые хэдлайнеры вечера, крутой коллектив, команда «GOLD STEP» из Астаны. Шоу колумбийцев будет для наших жителей представлено. Также хэдлайнер вечера – Қайрат Нұртас, крутая дискотека вместе с праздничным салютом. Все подготовлено. Мы думаем, что будет круто.
СНХ: ҚАНАТ НҰРМҰХАНОВ, КЕШТІ ЖҮРГІЗУШІ: Бүгін арқаның кербез сұлу Көкшетауда металлургтер күніне орай ауқымды іс-шара өтеді. Оны Алтынтау Көкшетау және Казцинк ұйымдастырып беруде. Бүгін кеш бойында Астанадан келген көптеген әртістер өнерін көрсетеді. Сондай-ақ бүгінгі кештің басты жұлдызы әрине Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас сахнада болады. Бағдарлама өте ауқымды. Әншілерден бөлек қала тұрғындармен осы сахнада түрлі сайыстар өткіземіз.
РКС: Мерекелік бағдарлама концертпен ғана шектелген жоқ. Елордалық жүргізушілер көрермендерге арнап түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырды. Әсіресе ән байқауына қатысуға ниет білдірген тұрғындар мен қала қонақтары сахнада ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
СНХ: ДАРЬЯ КОСТЯЕВА, ҚАЛА ҚОНАҒЫ: Шыны керек, әлі сене алар емеспін. Басқа ауылдан келдім. Сахнаға шығамын деп мүлде ойлаған жоқпын. Арнайы музыкалық білімім жоқ. Бала кезімнен ән айтқанды жақсы көремін, сол үшін ән айтып келемін. Қазір мен 19 жастамын, ал ән айтуды 9 жасымнан бастадым.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЖАЛҒАС ТҰЙҒЫНБЕКОВ, «АСЫЛ МҰРА» ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Халықтың қарасы көп. Керемет кеш өтеді деген сенімдеміз. Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы, әріптесіміз Қайрат Нұртас ағамыз осы жерде болады. Біз де «Асыл Мұраның» жігіттері осы сахнада Көкшетау қаласының тұрғындары үшін керемет өнер көрсетеміз.
РКС: Көрермендер концерт барысында ән мен биден бөлек түрлі шоу-бағдарламаларды тамашалады. Әрбір өнер нөмірі көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, мерекелік кештің көркін аша түсті.
БЛИЦ:
- Всех с праздником поздравляю металлургов. Праздник хорошо проходит, очень рады. Все отлично. Концерт очень хороший.
- Жап-жаңа келіп отырмыз. Бірақ енді жақсы. Мындай демалысқа қарсы, халыққа барлығы демалыс жасап отыр. Көңіл көтеріп отыр, қуаныштымыз. Осылай Көкше жеріміз көркейе берсін.
РКС: Мерекелік концерт кешке дейін жалғасып, мыңдаған көрерменнің басын қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени-көпшілік шаралар металлург мамандарының еңбегіне көрсетілген құрмет қана емес, қала тұрғындарының басын біріктіретін жарқын мерекеге айналған.
ИНТЕРШУМ:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ