ДИКТОР: Көкшетау қаласында ІТ және туризм саласындағы мамандарға арналған тегін ағылшын тілі курстары өтуде. Оны Ақмола облысының ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығы Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары елшілігінің гранттық қолдауымен ұйымдастырып отыр. 1 ай бойы курс қатысушылары ауызекі ағылшын тілдерін жетілдіріп, кәсіби қызметке қажетті арнайы лексиканы меңгереді. 

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Бүгінде ағылшын тілі ІТ және туризм салаларындағы қарым-қатынас пен жұмысқа қажетті маңызды құрал. Сондықтан, оқытушылар басты назарды практикалық сабақтар мен жұмыс барысында кездесетін нақты жағдаяттарға аударған. Қазір ағылшын тілі курсына 100 адам қатысады. Шілде айы бойы қатысушылар күніне бірнеше сағат білімдерін жетілдіреді.  

СНХ: МАҒЖАН ҚАБДЫЛ, АҒЫЛШЫН ТІЛІ КУРСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Курсқа жасына да, дайындық деңгейіне де қарамастан, кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Қатысушылар алдымен ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын placement test (плейсмент тест) тапсырады. Нәтижесіне қарай олар тиісті топтарға бөлінеді. Бізде IT немесе туризм саласына енді ғана қадам басқалы жүрген қатысушылар да, осы бағыттарда тәжірибесі бар мамандар да оқып жүр. Мысалы, менің тобымда осы университетте дәріс беретін, жасы 70-тен асқан профессор бар. Көріп тұрғандарыңыздай, білім алуды бастауға ешқашан кеш емес.

РКС: Курс офлайн форматта өткізіледі. Оқытуға тек IT және туризм саласының мамандары ғана емес, сондай-ақ, ағылшын тілі бойынша білім деңгейін арттырғысы келетін кез келген жан қатыса алады.

СНХ: БАҚЫТГҮЛ ЖӘКЕЕВА, ЭКСКУРСОВОД: Мен өтінім толтырып, жібердім. Біздің ұйымнан әзірге тек менің ғана уақытым болды, әйтпесе қатысуға ниет білдіргендер өте көп еді. Курстың өту форматы, деңгейі, оқытушылары және оқу бағдарламасы маған өте қатты ұнайды. Тіпті ағылшын тілін тұрақты түрде оқып жүрмейтін адам ретінде мен үшін де сабақтар өте түсінікті әрі жеңіл өтуде. Болашақта ағылшын тілінде экскурсия жүргізгім келеді. Бізге әртүрлі елдерден келетін туристер өте көп, сондықтан ағылшын тілін меңгеру мен үшін аса маңызды.

СНХ: ШЫНАРБЕК БАТЫРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Әрбір осы қызметте жүрген адамдарға өте ыңғайлы. Өзінің ұйымдастырылған уақыты кешкі сағат алтыдан бастап, 8-ге дейін. 2 сағаттың ішінде 10 шақты маман бірнеше топ құрып, оның ішінде ағылшын тілін жақсы білетін адамдар бар. Одан кейін енді мен, мысалы, өзім ағылшын тілін оқығаныма 50 жыл өтіп кетіпті. Мектеп кезінде үйренгенмін. Одан кейін, мінеки, студент кезінде үйренгенбіз. Біздің Ақмола облысында мақтан тұтатын әдемі жерлер бар. Сол жерлерді енді тіпті шетел тілінде, ағылшын тілінде таныстыруға сондай бір дайындық өткізіп жатырмыз. Сондықтан мен өзім сондай шешімге келдім, енді осы курсқа барып, өзімнің ағылшын тілімді біршама жақсартайын деп.

РКС: Курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға Қазақстандағы АҚШ Елшілігі атынан халықаралық сертификат табысталады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.