ДИКТОР: 20 шілде – халықаралық шахмат күні. Ақыл мен парасатты, сабыр мен стратегиялық ойлауды талап ететін бұл ойын бүгінде Қазақстанда өте жақсы дамыған. Көкшетауда да жыл озған сайын түрлі турнирлер ұйымдастырылып, ойыншылар саны артуда.
РКС: Көкшетау қаласының тұрғыны Қорабай Шамғанұлының жасы 90-да. Қалалық ардагерлер кеңесі жанынан ашылған шахмат-дойбы клубына келіп жүргеніне бірнеше жылдың жүзі болған.
СНХ: ҚОРАБАЙ ШАМҒАНҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫН: Шахматты 6 класстан бастап ойнай бастағам. Бірақ үзіліс болды, қызмет жағдайымен, бірақ 2002 жылдан постоянно осы клубқа мүше болдым. Шахматпен, дойбымен екеуімен де айналысамын. Бұл шахмат бір бірімізді ынтымақтастырып, әңгімелесіп жүруімізге себеп. Келмесек сағынып тұрамыз. Біреу келмей қалса қайда бүгін келген жоқ, деп ойлаймыз. 90-ға келдім мінекей. Балаларды тәрбиелейміз деп, талай ұйымдарға бардық, шахмат ойнадық.
РКС: Қалалық ардагерлер кеңесі жанынан ашылған шахмат-дойбы клубына шамамен 50-ге жуық зейнеткер келеді. Бұл орында ардагерлер аптасына 6 рет жиналады.
СНХ: ТЕЛЬМАН МҰҚЫШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ ШАХМАТ-ДОЙБЫ КЛУБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ардагерлердің көбі жұмыс істемегеннен кейін, саяси жұмысқа да анда мында жүреді. Сосын көбіне осы жерге жиналып, шахмат, дойбы ойнап, бір бірімізбен әнгімелесіп деген сияқты, бос уақытымызды біз осы жерде өткіземіз. Мықты шахматистарымыз бар, мастерге кандидаттарымыз бар. Осы жерде ойнап жүрген. Атақты облыстың чемпиондары болған бар осы жерде. Бүкіл ардагерлердің арасында емес, жалпы чемпиондар. Осылай күнімізді өткіземіз.
РКС: Тасжан Тайлақовтың жасы 85-те. Білім беру саласында 35 жыл еңбек еткен. «Халықтар достығы» белгісінің иегері. Шахмат клубының белсенді мүшесі.
СНХ: ТАСЖАН ТАЙЛАҚОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ: Қалаға 2013 жылы көшіп келгеннен кейін, осы шахматқа кірістім. Ойнайтындар өте көп, уақытымызды өткіземіз. Көңілді өткіземіз. Суббота күні да осында өткіземіз. Өте жақсы ұйымдастырылған. Шахматтан жарыстар болып тұрады. Сол жарыстарда кейде ұтамыз, кейде ұтыламыз. Мәселе онда емес, өмірді жалғастырып жатырмыз. Ғұмыр берсін, жасым 85-те.
РКС: Шахмат – жеңіске жетудің ғана емес, өмірде дұрыс шешім қабылдаудың мектебі. Әр жүрісті алдын ала ойлауға үйрететін бұл ойын адамның интеллектісін шыңдап, төзімділік пен табандылыққа баулиды. Сондықтан халықаралық шахмат күні – ақыл-ой спортын дәріптеп, жаңа буынды зияткерлік ойындарға баулудың тағы бір мүмкіндігі.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, САБЫР ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, КӨКШЕ АҚПАРАТ