ДИКТОР: «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Целиноград ауданында ауқымды сенбілік өтті. Бірнеше ауылдың тұрғындары өзендер мен көлдердің жағалауын тазарту жұмыстарына белсене қатысты.

РКС: Экологиялық сенбілік Қоянды, Қараөткел және Қаражар ауылдарында бір мезгілде ұйымдастырылды. Іс-шараға 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар болды. Қатысушылар өзен-көл жағалаулары мен қоғамдық орындарды тазалап, тұрмыстық қалдықтарды жинап, демалыс аймақтарын ретке келтірді.

СНХ: БАҚЫТХАН СОЛТАНБАЙ ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін Қоянды ауылының су қоймасында әкімшілік қызметкерлері, аудандық жастар орталықтарынан көмекке келіп, біз осы «Таза Қазақстан» акциясын толыққанды іске асырып жатырмыз. Әр Таза Қазақстан бұл бір жасалатын ғана жұмыс емес. Әр үйде, әр аулада, әр қалада бүгінгі күнгі біздің жоспарланған осы Қоянды су қоймасының ауласын, аумақын тазалау. Бұл жұмыс әрқашан жалғасатын болады.

РКС: Акция аясында Қоянды су қоймасының аумағын тазалауға ерекше көңіл бөлінді. Осындай экологиялық сенбіліктер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіледі,-дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: МАХАББАТ ИРЕШОВА, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл акцияның мақсаты бізде өзен-көлдің жағасындағы қоқыстарды тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу.

РКС: Экологиялық акция қорытындысы бойынша жағалау аумақтарынан 6 тоннадан астам қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары Целиноград ауданының өзге де елді мекендерінде жалғасады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ