ДИКТОР: Ақмола облысы инвестиция тартудан ел бойынша көш бастап тұр. Бұған «AQMOLA» индустриялық аймағында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар дәлел. Мәселен, тек бір Аршалы ауданында 1,8 трлн теңге болатын 12 жоба қолға алынған. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов ауданға жұмыс сапары аясында құрылыс алаңын аралап, жобалардың орындалу барысымен танысты.
РКС: Индустриялық аймақта бой көтеріп жатқан маңызды нысандардың бірі - құрылыс материалдарын өндіретін зауыт. Өндіріс ошағы жеке инвестиция есебінен қаржыландырылған. Зауыт іске қосылса, 80-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
СНХ: ЕРТҰРҒАН ЕРБОЛСЫН, ЖОБА ИНВЕСТОРЫНЫҢ ӨКІЛІ: Былтыр августтың ортасында кірдік. Негізі бұл бағытты таңдағанымыз – Астана қаласында құрылысқа өте сұраныс көп. Сол үшін біз газоблок шығаруға дайындалдық былтырдан бастап. Бұйырса августтың 20-сы бітеді. Общий бізге инвестиция тартылған 6,5 млрд. Общий 3 завод. Бірінші зауыт газоблок, екінші зауыт рулон қағаз шығарады. Үшінші зауыт алюминий терезе, яғни әйнектер шығарады. Қазіргі жоба бойынша бізде тоқ, су, газ – барлығы Үкімет жағынан тартылып, дайындап берді. Негізі августтың 20-сы жұмысқа қосыламыз. Бірінші зауыт қуаттылығы жылына 200 мың куб газоблок шығарылады.
РКС: Бұған қоса, индустриялық аймақта ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын, астықты терең өңдейтін және басқа да жоғары технологиялы өндіріс орындары салынып жатыр. Бұл жобалардың барлығы өңдеу өнеркәсібін дамытып, импортты алмастыруға мүмкіндік бермек. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов стратегиялық маңызы бар жобаларды созбалаңға салмай, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Осы мақсатта өңірде инвесторларға толық сүйемелдеу көрсететін арнайы жүйе де құрылған.
ИНТЕРШУМ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Енді біз Ақмола инвестті құрдық. Бас прокуратурамен меморандумға отырдық. Қандай құжаттар керек, соларды созбалаңға салмай, тез уақытта шешіп беруге іс әрекет жасап жатырмыз.
РКС: Қазір өңірдегі 5 аймақта 20-дан астам инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың басым бөлігі елорда төңірегінде орналасқан.
СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл аймақ Президенттің тапсырмасымен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған бірегей аймақ болып саналады. Бұл 30 км қашықтықта Астанадан орналасқан бірегей индустриалдық аймақ. Бұл жерде 12 бөлек инвест жобалар қондырылған. Жалпы инвестиция соммасы 1,8 трн теңгені құрайды. Жалпы Ақмола облысының инвестициялық әлеуеті зор. Оның ішінде Астананың төңірегінде Аршалыдан басқа, Шортанды ауданы, Целиноград ауданы, Қосшы қаласы осы өңірде индустриал дық аймақтар ашылды. Және ол жерге нақты инвестициялық жобалар тартылып, құрылыс жұмыстары басталды.
РКС: Жалпы Ақмола облысы инвестиция тарту қарқыны бойынша елімізде жетекші өңірлердің қатарында. Былтыр өңір экономикасына 750 миллиардтан астам қаржы құйылды. Бұл өз кезегінде өңірде қалыптасқан қолайлы инвестициялық ахуал мен мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесін көрсетеді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ