ДИКТОР: Бүгінгі таңда жағдайы жақсарып, тұрғындарының әлеуметтік мәселелері шешімін тапқан елді мекендер қатары көбейіп келеді. Зеренді ауданына қарасты Мәлік Ғабдуллин ауылдық округіне қарасты ауылдарда мешіт, медициналық пункт, клуб жұмыс істеп тұр. Балаларға қажетті спорт алаңының құрылысы да жүріп жатыр. Тілші баяндасын.
РКС: Зеренді ауданына қарасты Мәлік Ғабдуллин ауылының тұрғындары бір ауыздан келісіп, мешіт үйін салуға шешім қабылдаған сәттен бастап, жергілікті шаруа қожалықтарының басшылары, шетте жүрген ауыл азаматтары қаржы жинауға кіріскен. Бұл жұмыстардың басы-қасында жүрген ел ағасы Есенгелді Кәкімұлы мешіттің маңайын күнде жинастырып, бәрін қадағалап жүреді. Ал жұбайы Бәтима Фазылжанқызы болса, құрылысшыларға тамақ әзірлеп, жанашырлығын танытқан.
СНХ: ЕСЕНГЕЛДІ КӘКІМҰЛЫ, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ауылдан қаражат жинап, ТОО –лар қаражат берді. 3 млн 300 –дей. Фермерлер бар ауылда. Ауыл азаматтары көмектесті. Мешітімізді аяқтап қалдық, енді ашамыз ба деп отырмыз.
СНХ: БӘТИМА ФАЗЫЛЖАНҚЫЗЫ, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Еліміз, жеріміз осындай болса, қуанамыз. Ел әкімі қызмет жасап жатыр. Елдің жігіттеріне көп-көп рахмет айтамыз. Ауылдың жағдайы түзеліп жатыр жақсы жағына қарай, балалар алаңы салынып жатыр, жастарға көп көңіл бөлініп жатыр, соған қуанамыз.
РКС. Ауылда жаңадан бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункттің ішінде жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге қажеттінің бәрі бар. Арнайы кабинеттер жабдықталып, медбикенің алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасалған.
СНХ: ӘСЕМГҮЛ ӘБІШЕВА, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ МЕДБИКЕСІ: Осы ФАП-қа 441 адам қарайды. Көрші ауылдардан Қойсалған ауылы қарайды. 65 адам тегін дәрі алуға тіркеуде тұр. Екі әйел жүкті. Толық қаралады. Бір жасқа дейін бес бала бар. Қазіргі кезде артериалдық гипертония жағдайы көп тіркеледі. Онкология көп тіркеледі.
РКС: Мәлік Ғабдуллин ауылдық округіне қарасты Кіші Түкті орман шаруашылығында клуб жұмыс істеп тұр. Онда түрлі мерекелік шаралар өтеді. Бірнеше үйірмеге жазылған жергілікті тұрғындар аудандық, облыстық көркемөнерпаздар сайыстарына және шахмат турнирлеріне қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.
СНХ: ЖАННА ӘБІЛҚАСЫМОВА, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Елдің саны бір мыңға жақындайды. Округ бойынша ауылдардың жағдайлары жасалып жатыр. 00.29 склейка 00.39 жұмыспен қамтылған, бүгінгі күні Кіші Түкті орман шаруашылығында істейді. Жеке кәсіпкерлер де бар. Мектепте істейтіндер бар, мәдениет ошағы жұмыс істейді. Басқа ауылдарда егінде жұмыс істейді. Екі ауылға ауданнан қаражат бөлінді, спорт алаңына және кішкентай балалар алаңын жасауға, солар салынып жатыр.
РКС. Кіші Түкті орман шаруашылығының басшылары жақын маңдағы ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпалдасады. Оларды жұмыспен қамтып қана қоймай, жем-шөбін, отын-көмірін әкеліп береді. Қысы-жазы көмек сұраған жандардың бетін қаққан емес.
СНХ: БАТЫРБЕК БЕГАЙДАРҰЛЫ, КІШІ ТҮКТІ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қыстың күні қарларын тазалап береміз, суларын тасып береміз. Жалпы халықтың жағдайы жақсы. Отынмен қамтамасыз етеміз. Жұмысшылардың да көңіл күйлері жақсы. Бәрі дайын. Ауылымыз дамып келеді. Балаларға арналған кешен салынайын деп жатыр. Жол салынайын деп жатыр. Қысқа дайындық жүріп жатыр.
РКС: Жалпы осы округке қарасты 22 шаруа қожалығы мен 13 серіктестік жергілікті тұрғындарды маусымдық жұмыстарға тартып, жалақысын төлеп отыр. Кез келген азамат несібесін теріп, ризығын алып отырған жеріне осылайша жанашырлықпен қараса, ауыл-аймақтың да көсегесі көгерері анық.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ