ДИКТОР: Өңірде әуесқой спорт қарқанды дамып келеді. Әсіресе футболдың түрлі бағытына қызығушылар саны жыл сайын артып отыр. Бүгінде бұл спорт түрі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік беретін ең танымал спорт ойындарының біріне айналды. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Ақмола облыстық шағын футбол қауымдастығы жыл бойы әуесқой лигалар, турнирлер мен чемпионаттар ұйымдастырып келеді. Биыл шаһардағы жаңа жағалауда жағажай футболына арналған арнайы алаңның ашылуы бұл бағытты дамытуға тың серпін берді. Енді мұнда тұрақты түрде жаттығулар мен жарыстар өткізуге мүмкіндік бар.
СНХ: АЙБАҚЫТ МЫРЗАТАЙ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ШАҒЫН ФУТБОЛ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біздің ассоциация мини футбол, футзал, жағажай футбол және әуесқой футболды дамытумен айналысады. Осы бағытта біздің шараларымыз жыл бойы тоқтамай өтіп жатады. Олардың барлығы біздің әуесқой спортшылар, яғни қарапайым жұмыскерді, дәрігерлерді, төтенше жағдай қызметкерлері, кез-келген жұмыскердің спортпен айналысуына мүмкіндік жасау. Яғни олардың қиын жұмыс аптасынан кейін демалыс уақытында жарысқа қатысуына мүмкіндік жасау, кешке олардың әуесқой лига командаларының сапында дайындық жасау, жарыс ұйымдастыру біздің мақсатымыз осы. Жеңіс Хамиев, Азамат Бекеев, Данияр, басқа да кез-келген баланы алсақ, олардың отбасы бар, жұмыстары бар, ал демалыс күндері әуесқой лигаға қатысады.
РКС: Қауымдастықтың басты мақсаты кәсіби спортшыларды ғана емес, түрлі салада еңбек ететін тұрғындарды спортқа тарту. Дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер демалыс күндері әуесқой командалар құрамында жаттығып, жарыстарға қатысады. Осындай бастамалардың арқасында көптеген ойыншылар өз шеберлігін шыңдап, республикалық деңгейдегі додаларда өңір намысын қорғап жүр.
СНХ: ЖЕҢІС ХАМИЕВ, ӘУЕСҚОЙ СПОРТШЫ: Футбол жақсы спорт. Адамның жүгіріп, денсаулығына пайдалы. Футболға шабытым әлі де ашық. Суперлигада ойнағым келеді. Командамыз бар әуесқой лигасында Ұялы ауылымыздың. «А» лигасында ойнап жатырмыз. Әуесқой лигасы Айбақыт мырзаға рахмет осындай мүмкіндік беріп, Қазақстанға шығуға балаларға, спортты дамытып. Бұған дейін өзім спортсмен болғанмын, күреспен айналысқанмын, кандидат мастера спортамын.
РКС: Жеңіс секілді спортқа құштар жастардың қатары көбейіп келеді. Әуесқой лигада ойнап жүрген ойыншылардың арасында республикалық жарыстардың жүлдегерлері де бар. Олар үшін футбол тек сүйікті ойын ғана емес, өз қабілетін дамытып, үлкен спортқа жол ашатын мүмкіндік. Жас ойыншылардың алдағы мақсаттары да айқын.
БЛИЦ:
- Мен 4-5 жыл бойы футболмен айналысамын. Болашақта мықты футболист болып, футбол жақсы ойнау.
- Я занимаюсь футболом с 2019 года. Больше спорта не было, понравился этот спорт. Участвовал на чемпионате Казахстана.
- Я занимаюсь футболом 4-5 лет. Почему я выбрал футбол – у меня окружение было, занималось футболом. Из-за этого туда пошел. Также на республике Казахстана сыграли хорошо. Планы – заиграть где-то, подписать контракт. Хотел бы пожелать всем удачи, чтобы у всех все получалось в спорте.
РКС: Соңғы жылдары азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығы айтарлықтай артқан. Спортпен тұрақты айналысу денсаулықты нығайтып қана қоймай, бос уақытты тиімді өткізіп, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан өңірдегі әуесқой спорт қозғалысына қосылушылар саны жыл сайын көбейіп келеді. Әуесқой спорттан басталған жолдың болашақта кәсіби спортқа ұласуына толық мүмкіндік бар.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ