ДИКТОР: Құрылтай сайлауына 3 аптадай уақыт қалды. Бұл ретте саяси науқанның ашық, әділ әрі заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етуде қоғамдық байқаушылардың ролі ерекше. Қазір аймақта бақылаушыларды даярлау жұмыстары басталды. «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының ұзақ мерзімді бақылаушылары өз жұмысына кірісті. Олар үгіт материалдарының талапқа сай жариялануын және бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау заңнамасының сақталуын бақылайды. Сондай-ақ, азаматтардан түскен өтініштер болса, анықталған заңбұзушылықтарды жедел орталық штабқа хабарлайды. Айта кетейік, аймақта барлығы 759 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ашық учаскелерде қоғамдық бақылауды шамамен 1400 байқаушы жүргізеді. Бұдан бөлек, өңірде 34 мобильді топ құрылған. 

СНХ: ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ, «ДАУЫС ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАР КОАЛИЦИЯСЫ» Р ЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Қазіргі таңда коалиция құрамында ондаған үкіметтік емес ұйымдары бірге жұмыс атқарып жатыр. Сонымен қатар, қазір біздің кестеміз бекітілді. 3-ші тамыздан аудандарға барып, біздің байқаушыларға дәріс беріледі. Сонымен қатар, олардың міндеттерін, құқықтарын түсіндіріп, сол жерде кейсты ойнатып, жылдағы іс-шараларымызды өткіземіз. Байқаушылардың көбі өз құқықытар мен міндеттерін біледі. Тәжірибелері мол.