ДИКТОР: «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Көшпелі заң керуені» акциясы бұл жолы Бурабай мен Зеренді аудандарында өтті. Іс-шара елді мекен тұрғындарына құқықтық көмекті қолжетімді етуге және заңнамаға қатысты өзекті мәселелер бойынша кеңес беруге бағытталды. Арнайы топ құрамындағы полиция, прокуратура және өзге де мемлекеттік органдардың мамандары тұрғындарды қабылдап, сауалдарына жауап берді.

РКС: Тұрғындар қабылдау барысында қоғамдық көлік мәселесін де көтерді. Олардың айтуынша, автобустардың жетіспеушілігі мен қозғалыс аралығының ұзақтығы күнделікті қатынасты қиындатып отыр. Әсіресе қарбалас уақытта қоғамдық көлікке міну мүмкін болмай, тұрғындар қосымша шығынданып, такси қызметін пайдалануға мәжбүр. Осы мәселемен келгендердің бірі – Боровское көшесіндегі 176-үйдің тұрғыны Елена Теменцова. Бұған дейін де аталған мәселе бойынша eOtinish платформасы арқылы шағым жолдаған. Алайда мәселе шешілмеген. Осы жолы ол тағы да сол базынасын жеткізіп, оң шешілетініне сенетінін жеткізді. 

СНХ: ЕЛЕНА ТЕМЕНЦОВА, ШУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Айтуларынша, мәселе автобустың жетіспеушілігінде емес, жүргізушілер тапшылығында екен. Осы сала мамандарына жағдай жасап, еңбекақысын көтеру қажет деп санаймын. Олардың жұмысы оңай емес – таңнан бастап кешке дейін еңбек етеді.

РКС: Бұл акция Зеренді ауданын да қамтыды. Азаматтар жер қатынастары, әлеуметтік төлемдер, көші-қон, әкімшілік және қылмыстық заңнама, сондай-ақ жеке құқықтық мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды. Олардың айтуынша, мұндай формат өте тиімді. 

СНХ: ҚАЙРАТ ҚАЗИАҚПАРОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Облыстық департамент өкілдері «Көшпелі құқықтық керуен акциясы негізінде біздің ауданға келіп, құқықтық кеңес беріп жатыр. Осы жерден біз де өз шаруаларымыз бойынша, өз жұмысымыз бойынша, қызметімізге сәйкес кеңес алдық. Осындай шаралар жиі өткізіліп тұрса деген ой бар менде. Мұнда тек департамен қызметкерлері ғана емес, әділет органдары, нотариустың өкілдері отыр. Барлық тілек білдірушілер тегін, өздеріне қажет кеңесті алып отыр. Елімізде халықтың құқықтық сауаттылығы өсе берсін. Осындай шаралар жиі өткізілсін.

РКС: «Көшпелі заң керуені» – «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған жаңа жоба. Аталға акция алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

СНХ: МӘУЛЕН ӘБІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтарға заңнаманың неғұрлым өзекті мәселелері бойынша кеңес беру. Әрбір тұрғын білікті құқықтық кеңес алып, қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті көмек ала алады. Тұрғындар қанда да бір көлік құралдарын есепке қою мәселелері бойынша шұғылданады. Акциялардың шеңберіне тұрғындар өздеріне өзекті мәселелері бойынша ақпарат алады, кейін сол ақпарат бойынша қандай уәкілетті органдарға шығуға болатынын біледі. Сұрақтар бойыншща құзыретті органдар заңмен көтерілген мерзімде оларды қарастыратын болады.

РКС: Алдағы уақытта «Ауладағы қабылдау», «Жолдағы қабылдау» және «Көшпелі заң керуені» секілді акциялар өңірдің өзге де аудандарында жалғасады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ