ДИКТОР: Шілденгің 29-ы мен 31-і аралығында жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында өңірде «Балалар қауіпсіздігі» жедел профилактикалық акциясы өтуде. Шара барысында полиция қызметкерлері кәмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде.
РКС: Тәртіп сақшылары демалыс орындарын, су айдындарын, ойын алаңдарын және адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарды аралап, балаларға қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде. Профилактикалық есепте тұрған отбасылар тексеріліп, ата-аналармен түсіндіру шаралары ұйымдастырылуда.
СНХ: ІЛИЯС ШАЙМЕРДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Іс-шара аясында полиция қызметкерлері балалар мен олардың ата-аналарына жол қозғалысы кезінде, су айдындарында, қоғамдық орындарда және тұрмыстағы қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізіп, балалар жарақатымен жазатайым оқиғалардың алдын алу жұмыстарын жүзеге асыруда. Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауға, олардың алкоголь және темекі өнімдерінің тұтыну фактілерінің жолын кесуге, сондай-ақ мұндай өнімдерді балаларға сататын тұлғаларды анықтауға ерекше назар аударылуда. Ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларының қайда жүргеніне және бос уақыттың қалай өткізетініне бақылауды күшейтуге шақырамыз. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің жауыпкершілігі мен қамқорлығына байланысты.
РКС: Биылғы жаз мезгілі басталғалы өңірде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған 150-ден астам профилактикалық шара өткізілген. Заң талаптарын сақтамағаны үшін 70-ке жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары мұндай рейдтердің басты мақсаты жазалау емес, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған алдын алу жұмыстарын күшейту екенін атап өтті.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ