ДИКТОР: Көкшетау қаласының тарихы музейінде «Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрменің салтанатты ашылуына жазушының шығармашылығын қадірлейтін зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Шарада ұсынылған жәдігерлермен тілшіміз Евгений Варанкин танысып қайтты.
РКС: Көрмеге Атбасар қаласындағы жазушы музейіне қойылған, кезінде жеке пайдаланған заттары, қолжазбалары, кітаптары, фотосуреттері мен өмір жолынан сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылған. Сондай-ақ келушілерге жазушының шығармашылық мұрасы мен тарихи романдары туралы кеңінен мәлімет ұсынылды.
СНХ: ҰЛБОЛСЫН ҚОМБАТЫРОВА, АТБАСАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ І. ЕСЕНБЕРЛИН ӘДЕБИ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жазушы Ілияс Есенберлин Ұлы Отан соғысына қатысқан, алғашыларының бірі болып, 1941 жылы қыркүйек айында соғысқа аттанды. Ленинградты қорғап, Старая Русса қаласының түбінде ауыр жарақат алып аяғынан, 1942 жылы елге оралады. Ленинградты қорғау үшін медалін алған, «За боевые заслуги». Және «Орден Отечественной славы ІІ степени» алған екен, бірақ жазушы оның өзінің кезінде білмеген, осы Жеңістің 75 жылдығына орай ғана осы мәлімет шығып, архивтен сол табылып жатыр.
РКС: Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетіндегі тарихи роман жанрының көрнекті өкілі. Ол «Айқас» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Ал «Көшпенділер» мен «Алтын Орда» трилогиялары арқылы қазақ халқының тарихын көркем әдебиетте кеңінен насихаттады.
СНХ: ӘСЕМГҮЛ ТҰРМАҒАМБЕТОВА, АТБАСАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ І. ЕСЕНБЕРЛИН ӘДЕБИ МУЗЕЙІНІҢ ҚОР САҚТАУШЫСЫ: Біздің музейде жазушының кезінде жинаған минералдары және тастарының коллекциясы жиналған 120 тас пен минералдары бар. Сонымен қатар жазылған каталогтары да бар. Әр минерал мен тастардың өзінің атаулары бар. Ілияс Есенберлиннің әдеби музейінде жазушының 2 мыңнан астам жәдігері сақталған. Оның ең басты жәдігері өзінің киген ақ плащі, өзінің бас киімі, аяқ киімі, портфелі.
РКС: Көшпелі көрме Атбасардағы Ілияс Есенберлиннің әдеби музейі мен Көкшетау қаласының тарихы музейінің бірлескен жобасы. Оның басты мақсаты жазушының өмір жолын, шығармашылық мұрасын және музей қорындағы құнды жәдігерлерді көпшілікке таныстыру.
СНХ: АЛМАС ТЕМІРБАЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТАРИХЫ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің музейдің шақыртуымен Атбасардағы Ілияс Есенберлин әдеби музейі Көкшетауға келіп жатыр. Бұл көрме бір апта тұрады біздің музейде. Көкшетаулықтарды және қала қонақтарын осы көрмені тамашалауға шақырамыз.
РКС: Бір апта бойы тұрғындар мен қала қонақтары қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің өмірі мен шығармашылығына қатысты сирек жәдігерлермен таныса алады. Шара барысында Ілияс Есенберлин әдеби музейінің директоры Ұлболсын Қомбатыроваға Көкшетау қаласының тарихы музейі атынан Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.
ИНТЕРШУМ:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ