ДИКТОР: Көкшетауда «Терезені жап - баланың өмірін сақта» атты ауқымды профилактикалық акция өтті. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен медицина мамандары ата-аналарға ашық терезелердің қауіптілігі туралы түсіндіріп, қорғаныс құрылғыларын дұрыс орнату жолдарын үйретті.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Акция барысында құтқарушылар ата-аналарға балаларды терезеден құлап кету қаупінен қалай қорғау керектігін түсіндіріп, терезеге арналған бекіткіштерді орнату тәсілдерін көрсетті. Қатысушылар үшін арнайы техникалар көрмесі ұйымдастырылды. Ал тәртіп сақшылары мен медицина мамандары салалық шеберлік сабақтарын өткізді. Сонымен қатар, балаларға қауіпсіздік негіздері бойынша танымдық викториналар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.

СНХ: НАТАЛИЯ КАРАЧИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өте қызықты шара ұйымдастырылды. Балалардың түрлі іс-шараға қызығушылықпен қатысып жатқанын көріп отырмыз. Олардың қуанышы мен эмоциясын айтып жеткізе алмаймын. Бала өмірінің біз үшін қымбат, сондықтан әр ата-ана өз жауапкершілігін сезінуі керек. Балалардың қайғылы жағдайға ұшырауы азайса екен деп тілеймін. Бүгінгі шара да осы мақсатта өтіп жатыр. Балаларға ойын түрінде ұйымдастырылғанымен, тәрбиелік мәні өте зор. Барлық ата-аналарды жауапкершілік танытып, терезелерді жауып, балаларының өмірі мен денсаулығын қорғауға шақырамын.

СНХ: НАТАЛЬЯ ШКАЛЁВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұл шара балаларға да, ересектерге де өте қажет әрі пайдалы деп ойлаймын. Ұйымдастырушылар жақсы жұмыс атқарып жатыр. Осындай шаралар үнемі өткізіліп тұрса екен деймін. Балаларға да ұнап жатыр, ата-аналар да риза. Біздің қызымызға да бұл шара қатты ұнады.

РКС: Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жағдай әлі де алаңдатарлық,-дейді мамандар. Биыл өңірде 12 бала терезеден құлап кеткен. Оның біреуі қайғылы жағдаймен аяқталған. Былтыр осы уақыт аралығында 16 бала терезеден құлап, оның екеуі көз жұмған.

СНХ: АЗАТ НҰРЛАН, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Бей-жай қарамайтын тұрғындардан, қала қонақтарынан, ата-аналар мен кішкентай балаларға қарайтын жақындарынан өтінерім балаларды қараусыз қалдырмаңыздаршы. Терезе алдына жиһаз қоймаңыздар, себебі бала сол арқылы терезеге шығып кетуі мүмкін. Біз, Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан да бұл мәселеге бей-жай қарамаймыз. Осындай төтенше жағдайлардың алдын алу үшін бар күшімізді салып, жұмыстарды жалғастыра береміз. Мұндай іс-шаралар тек Көкшетауда ғана емес, облыстың барлық аумағында өткізіліп жатыр.

РКС: Жыл басынан бері облыс аумағында құтқарушылар тұрғындардың үйлеріндегі 1 700-ге жуық терезеге қорғаныс құрылғыларын орнатты. Енді профилактикалық жұмыстар жаңа тұрғын үй кешендерінде де күшейтіледі. Шілденің 1 -нен бастап елімізде жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді. Құжатқа сәйкес, көпқабатты үйлерді қабылдау кезінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары терезелерде арнайы бекіткіштердің болуын және қауіпсіздік талаптарының сақталуын міндетті түрде тексереді.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ