ДИКТОР:Бұланды ауданында қоныс тойы тойланды.«Реновация» мемлекеттік бағдарламасы аясында 50 шақты тұрғын жаңа пәтердің кілтін иеленіп, көптен күткен қуанышқа кенелді. Баспаналы болғандардың басым бөлігі әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтар. Жобаны жүзеге асыруға мемлекет тарапынан 1 миллиард 400 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Бұл игі бастама халықтың тұрмыс сапасын арттырып, тұрғын үйге мұқтаж жандардың өміріне жаңа серпін берді.

РКС:Баспанамен қамтылғандардың басым бөлігі тұрғын үйге аса мұқтаж азаматтар.Макинск қаласындағы жаңғыртудан өткен 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйде дәл сол қатарда. Заманауи талаптарға сай қайта жөнделген баспанада жайлы өмір сүруге барлық жағдай қарастырылған. Жаңа қоныстың кілтін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тұрғындарға салтанатты түрде табыстап, қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады. 

ИНТЕРШУМ: 

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Баспана деген-бақыт кілті дейді. Бүгінгі осындай үлкен жаңа қоныстарыңыз құтты болсын. Жуырда ғана жаңа Конституциямыз, халықтың Конституциясы қабылданды. Негізгі заңымызда Қазақстан сондай әлеуметтік мемлекет деп бекітілді. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз мұқтаж топтарға мемлекет тарапынан әрқашан көмек болатыны дегені.

РКС:Жаңа пәтерге қол жеткізгендердің қатарында ерекше қажеттілігі бар қос бірдей баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Әсем Жәкенова да бар. 8 жыл кезекте тұрған ана үшін бұл күн, өміріндегі ең қуанышты сәттің бірі. Енді оның балалары қауіпсіз әрі жайлы ортада өсіп, болашаққа сеніммен қадам басатын болады.

СНХ: ӘСЕМ ЖӘКЕНОВА, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 8 жылдан кейін үй алып отырмын. Өте қуаныштымын. Аудандық және осы облыстық әкімшілікке де ризашылығымды білдіремін. Олардың арқасында тездетіліп отырғанын естіп отырмын. Ол маған өте қуанышты. Кей бірі 10 жылдай, кей бірі 15 жылдай күтіп отыр.

СНХ: ЖҮНІСҚАН ӨМІРЗАҚ, МАКИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен өзім 2 қарындасымды әкеліп отырмын. Екеуі де пәтер алып қуанып жатыр. барлықтарыңызға рахмет. Барлықтарыңыздың үйлеріңіз құтты болып, еліміз өркендей берсін. 

РКС:Макинск қаласында баспанамен қамту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта жеке кәсіпкер Адам Салтыговтың бастамасымен бой көтерген 45 пәтерлі тұрғын үйден 15 пәтер көпбалалы отбасыларға берілмек. Қазір 5 қабатты тұрғын үйдегі негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Тек аула аумағын абаттандыру, көгалдандыру және балалар ойын алаңын ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жауапты құрылыс салушы бұл жұмыстарды алдағы 2 апта ішінде толық аяқтап, тұрғындардың игілігіне пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

СНХ: АДАМ САЛТЫГОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Жалпы бұл тұрғын үйде 45 пәтер және ғимараттың алдыңғы бетінде орналасқан 4 коммерциялық нысан бар. Мұнда тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай қарастырылған. Дүкен, шаштараз, кофехана сияқты қызмет көрсету орындары жұмыс істейтін болады. Қазір үйдің негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Енді тек қоршау тұтқаларын орнату, балалар ойын алаңын жабдықтау секілді ұсақ-түйек жұмыстар ғана қалды. Тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазірдің өзінде пәтер иелері ішкі жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Біздің ойымызша, алдағы 1 айдың ішінде тұрғындар жаңа үйлеріне толықтай қоныстанады.

РКС: Алдағы уақытта да өңірде осындай әлеуметтік маңызы бар жобалар жалғасын тауып, мұқтаж отбасыларда баспанамен қамтылмақ.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ