ДИКТОР: Қоғамға қайта бейімделу – құқықтық қолдаумен қатар психологиялық сүйемелдеуді де қажет ететін маңызды үдеріс. Осы мақсатта Красный Яр ауылында пробация қызметінің есебінде тұрған жастарға арналған көшпелі әлеуметтік-психологиялық іс-шара ұйымдастырылды.
РКС: Бұл жолғы кездесудің ерекшелігі – оның дәстүрлі форматтан өзгеше өтуінде. Қатысушылар атпен серуендеп, арт-терапияға қатысып, Астанадан арнайы шақырылған психолог маманның тренингінен өтті. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсілдер адамның эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға, күйзеліс деңгейін төмендетуге, өзіне деген сенімділігін арттыруға және қоғаммен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Шара «ReStart» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба жастарды әлеуметтік бейімдеу бағытында үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде Ақмола облысы, Көкшетау және Қарағанды қалаларын қамтыған. Алдағы уақытта өзге өңірлерге шығу жоспарлануда.
СНХ: АЙЫМ МҰХИДЕНҚЫЗЫ, «RESTART» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің проектінің негізгі мақсаты бұрын жазасын өтеген жас тұлғаларға қайтадан өмірге бейімделуіне қылмысқа қайтадан бармауына, қылмыстық жағдайды төмендету мақсатында әртүрлі іс-шаралар жасаймыз. Жан-жақты көмек көрсетеміз, психологиялық көмек, жұмысқа тұруға көмектесу, әлеуметтік көмек, заң жағынан да көмек көрсетеміз. Адамның өзір-өзі табуы, өмірде жолын табуға, мақсатын табуына жақындатады. Қылмыстық атқау жүйесінде пробация бөлімі бұндай категория адамдармен жұмыс істейді. Біздің фонд қосымша көмек ретінде. Бұл кісілерді мемлекетке жақындату үшін қоғамдық ұйымдарда атсалысады.
РКС: Кездесу 15-ке жуық адамды қамтыды. Олардың ең кішісі – 16 жаста.
СНХ: ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН ЖАС: Іс-шараның ұйымдастырылу барысы өте ұнады. Әсіресе атпен серуендеу мүмкіндігі ерекше әсер қалдырды. Психолог маманның жүргізген жұмысы да пайдалы болды. Белгілі бір ерекше сезім деп айта алмаймын, бірақ адамдармен еркін араласып, бірге отырып әңгімелесу, ой бөлісу жақсы әсер берді. Адамдардың сені түсінуге тырысатынын сезіну маңызды. Болашақтағы басты мақсатым – қазіргі кезеңді артта қалдырып, қалыпты өмірге оралу. Барлығын ұмытып, жаңа мүмкіндіктерге ұмтылғым келеді.
РКС: Көкшетау қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде 300-ге жуық азамат тіркелген. Оның 30 шақтысы орта тәуекел санатына жатады. Пробация қызметі сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға және қайталама құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізеді.
СНХ: ШОҚАН ҚҰСАЙЫНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұған дейін осындай шаралар әрдайым жүргізіліп тұрды. Спортқа баулимыз есепте тұрған сотталғандарды. Қысты күні балық аулаудан спорттық жарыс өтті, шаңғы, коньки тебуден. Жыл мезгіліне байланысты қандай спорт болады, сондай спорт түрлерін өткізуге тырысамыз. Орташа санаттағы қылмыстарға беріледі, бас бостандығын шектеу, бір бапты алатын болсақ ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабы, бірінші, екінші бөлігі. Орташа санаттағы қылмыс бабы санкциясы жаза тағайындалған кезде қылмыстың ауырлығын қарайды. Қандай зиян келтірілген, орташа зиян келген болса, сот ол кісілерге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны береді, ұрлық, бұзақылық.
РКС: Азаматтардың қайта әлеуметтенуіне бағытталған жұмыстармен қатар, заң аясындағы рақымшылық шараларын жүзеге асыру мәселелері де қарастырылуда. Ақмола облысында 20-ға жуық сотталушының жазадан босатылу мәселесі қарастырылып жатыр.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ