ДИКТОР: «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында «Қауіпсіздік аумағы» атты ауқымды квест-фестиваль өтті. Жоба Балалық шақ қауіпсіздігі жылы аясында Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті тарапынан жүзеге асырылды. Теория қалай өмірлік маңызды дағдыларға айналады және мұндай формат неге оқушылардың өздеріне ұнайтыны туралы тілші баяндайды.
РКС: Квестке қатысу үшін мектеп оқушылары еліміздің түкпір-түкпірінінен келген. Тақырыптық станцияларда балалар интерактивті форматта жол қозғалысы ережелерін, киберқауіпсіздік негіздерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету алгоритмдерін меңгерді.
СНХ: ҚҰРАЛАЙ ҚАРИНА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің басты мақсатымыз – балаларға теориялық білім берумен қатар оны өмірде қолдана алатын практикалық дағдыларды үйрету. Балалардың қауіпсіздігі біз үшін әрдайым басты орында. Балалар полицияны тек жаза қолданатын орган емес, кез келген қиын жағдайда көмек сұрай алатын қызмет екенін түсінуі үшін ұйымдастырылды. Мысалы, бала жоғалып кетсе, мекенжайын білмесе немесе қиын жағдайға тап болса, полиция әрдайым көмектесуге дайын. Біз балаларға олардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаған жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылатынын түсіндіреміз.
РКС: Фестиваль аясында оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Алғашқы көмек көрсету станциясында медицина мамандары мен тәртіп сақшылары оқушыларға дәрігерлер келгенге дейін дұрыс әрекет ету жолдарын үйретті. Ал жол қауіпсіздігі алаңында балаларға көлік құралының техникалық жағдайы жол-көлік оқиғаларының туындау қаупіне қалай әсер ететіні түсіндірілді. Қатысушылар мұндай формат ережелерді жақсы меңгеруге көмектесетінін айтады.
СНХ: ЖАНЕРКЕ ІЛИЯС, КВЕСТКЕ ҚАТЫСУШЫ: Бізде әрбір отрядқа станцияларды берді. Сол станциялардың ішінде ең маған қатты ұнағаны - ол алғашқы көмек. Өйткені қазіргі кезде түрлі жағдайлар күннен-күнге, жол апаттары көбейіп жатқандықтан, күннен-күнге ауру адамдардың саны көбейіп жатқандықтан, бізге бірінші көмекті білу өте маңызды болып келеді. Сол себепті де ең қатты ұнаған станция осы бізде алғашқы көмек болды.
СНХ: НАРИМАН ІЛИЯС, КВЕСТКЕ ҚАТЫСУШЫ: Себебі ол қауіпсіз жолда әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін. Ең алдымен біз ол қауіпсіз жолда. Ең алдымен біз көліктің жағдайын тексере алатынымызды білдік.Ол, мысалға, кейбір нәрседетежегіш істен шығып кетіп, ол әртүрлі апаттарға әкелуі мүмкін. Немесе машинаның бір жерінен бір зат ағып, одан да жол апаттары болуы мүмкін. Мысалға, жолдарда кейбір машиналардан май ағады. Ол және де сол жолмен өткен машинаның дөңгелегі тайса, ол жол апатына әкелетінін білемін.
РКС: Іс-шара ортақ би флешмобымен қорытындыланып, қатысушылардың жетістіктері бағаланды. Кезеңдерде жоғары нәтиже көрсеткен барлық команда дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ