ДИКТОР: Көкшетауда Ақмола облысы шығармашыл ұжымдарының басын қосқан «BIRLIK MUSIC ¬– ҰЛТ ДАУЫСЫ» этнофестивалі өтті. Онда облыстың алты ауданы, Степногорск және Көкшетау қалаларының этнобірлестіктердегі көркемөнер ұжымдары және облыс орталығындағы мәдениет ошақтарында жұмыс істейтін түрлі үйірме мүшелері өнер көрсетті. 

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Этнофестиваль мәдениет пен өнерді тоғыстырған ерекше кеш болғанын айта кету керек. Оған қатысқан әсіресе зейнет жасындағы адамдардан құралған өнер ұжымдарының әндері әсерлі шықты. Залда отырған көрермен өздеріне таныс шығармаларды бірге орындап, қошаметін білдіріп отырды. Қазылар алқасы да дәстүрлі әншілер мен жеке орындаушылардан құралды. 

СНХ: ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Жалпы 35 номерден тұрады, соған барлық өнер ұжымдары қатысып, жюри өз қорытындысын жасайды. Негізі бізде алты жүлделі орын бар. Соло, жеке орындаушы және өздерінің коллективтері де қатысуда. Көбінесе ұлттық нақыштағы қазақи әндерді де, өздерінің тілдерінде де әндерді орындауға болады.

СНХ: АНАР ҚОРЖЫНБАЕВА, СТЕПНОГОРСК ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Үш бағыт бойынша қатысамыз. Татар этномәдени бірлестігі және Русская община бірлестігінің мүшелері. Хореография, инструменталка, вокал бағыттары бойынша. Қоғамдық келісім мекемесі ұйымдастыратын осындай шараларға жылына бірнеше рет келіп, қатысып тұрамыз. 

РКС: Түрлі этностар арасындағы қоғамдық келісімді, бірлікті, достық пен өзара түсіністікті нығайту мақсатын көздеген этнофестивальге облыстың алты ауданы мен Степногорск, Көкшетау қаласындағы Қоғамдық келісім мекемелерінде жұмыс істейтін славян, казак, татар, башқұрт, өзбек, кәріс сияқты этнос өкілдерінің мәдени бірлестіктерінің өнерпаздары қазақ тілінде және өздерінің ана тілдерінде әндерін шырқады. Әсіресе, зейнет жасындағы аналардың орындауындағы «Қамажай» биі көпшілікті тәнті етті.

ИНТЕРШУМ: 

СНХ: ОРЫНТАЙ ЖҮСІБАЛИНА, «ІНЖУ-МАРЖАН» ӨНЕР ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ (КӨКШЕТАУ): Ұлт дауысы атты фестивальге қатысып, өзіміздің қазақ әндерін, халық әндерін композиторлардың әндерін өз бағдарламамызға кіргізіп, әр қарай өз ұжымымызды дамытып, жас ұрпаққа үлгі боламыз деп шығып келеміз сахнаға.

СНХ: АСЫЛЖАН ҚАБИТ, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен конкурсқа бардым. Мен ән айттым, маған әнді әдемі айтасың деді. Мен «Балақай» балалар студиясына барамын. Мен қазақ тіліндегі әндерді жақсы көремін.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Этнофестиваль барысында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие болған жеке орындаушылар мен өнер ұжымдары іріктеуден өтіп, жылдың аяғында республикалық деңгейдегі этнофестивальге жолдама алады.

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.