Негізгі Жаңалықтар Барлық оқушы тегін оқулықпен қамтылады

Барлық оқушы тегін оқулықпен қамтылады


ДИКТОР: Жаңа оқу жылының басталуына бір айға жуық уақыт қалды. Қазір өңірде білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылына дайындық аяқталуға жақын. Ата-аналар мен оқушыларды алаңдататын негізгі мәселенің бірі - оқулықпен қамтамасыз ету. Тілшіміз жалғастырады.

РКС: Өңірде жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүргізілуде. Қазір оқулықтарды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар оларды аудандарға жеткізу мәселесі де пысықталуда. 1-ші қыркүйекке дейін өңірдегі барлық оқушы қажетті оқулықтармен толық қамтамасыз етіледі.

СНХ: АНАР ҚАЛАУИДЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Барлық 1–11-сынып оқушылары оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі. Биыл Оқу-ағарту министрлігі бекіткен кестеге сәйкес 3, 4, 7, 8 және 9-сыныптарға арналған оқулықтар қайта басылып шығарылуда. Қазір мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, оқулықтарды тасымалдау мәселелері пысықталуда. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін облыстағы барлық оқушы қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етіледі.

РКС: Тамыздың 30-ына дейін өңірге 3-сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Математика», «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу» және «Музыка» пәндерінің оқулықтары жеткізіледі. Сондай-ақ 7-сынып оқушылары үшін дүниежүзі тарихы пәнінен жаңа оқулықтар сатып алынады. 

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ 


Бөлісу