Сайлау мәдениеті мен азаматтық жауапкершілік – ел болашағын айқындайды
ДИКТОР: Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы – Қазақстанның саяси жүйесіндегі маңызды кезең. Сондықтан, саналы таңдау, саяси белсенділік пен заң талаптарын сақтау – сайлауға қатысатын әр азаматтың ұстанымы болуы тиіс. Азаматтық жауапкершілік осы қағидаттардан басталады,-дейді саясаттанушылар. Ал сайлау мәдениетінің негізі заңдарды біліп, саяси үдерісті түсінуден қалыптасады.
СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, ТАРИХШЫ, САЯСАТТАНУШЫ: Осы сайлауда әр азаматтың даусы ерекше. Себебі, әр дауыс берген азамат ол ел болашағын ойлайды. Ертең қандай біз мемлекетімізді құрамыз. Сол мемлекетті біз сайлау арқылы қалыптастырып жатырмыз енді. Ол үшін өте маңызды ол саяси мәдениетті қалыптастыру. Ал азаматтық жауапкершілік - азаматтың өзінің сана-сезімінде заңға, тәртіпке бағыну.